^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 15 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда қазақ тілін латын әрпіне көшіру талқыланды

Алматыда «Отандық туризмді дамытудағы музейлердің рөлі» атты Республикалық форум барысында қазақ тілін латын әрпіне көшіру талқыланды. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы өзінің құттықтау сөзінде латын әрпіне көшу жөніндегі шешімнің бірқатар елдердің тәжірибесіне сүйеніп қабылданғанын айтты.

«Рухани жаңғырудың маңызды қадамы - латын әрпіне көшу. Бұл қадам жан- жақты талқыланды және көршілес елдердің тәжірибесі басты назарға алынды. Латын әліпбиі ең алдымен Тәуелсіздігімізді нығайтады, заманауи озық технологияны енгізуді жеделдетеді, қазақ тілінің бәсекелестігін қалыптастырып, тарихи санамызды жаңғыртады», - деді Ғалымжан Өтелбайұлы.

Ол Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында киелі орындарға ерекше мән берлігендігін, мұнда Қазақстан халқының ағартушылық, тарихи және мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтап отырған музейлердің айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» картасы жасалып, оның құрамына Алматының 5 нысаны енді.Олар- «Боралдай сақ қорғаны» археологиялық паркі,Тәуелсіздік таңы»,«Тәуелсіздік» монументтері, Свято-Вознесенск кафедралды соборы, Райымбек батыр кесенесі және Ахмет Байтұрсыновтың музей- үйі.

Айта кетерлігі, «Ғылым Ордасы» ғимаратында екі күн бойы өзекті мәселені танымал тарихшы - ғалымдар, археологтар, өнер танушылар, республиканың жетекші музейлері мен компанияларының қызметкерлері талқылайтын болады. Форум барысында отандық туризмді дамытуда музейлердің атқаратын рөлі кеңінен сөз болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, заманауи музейлер көне артефакторды сақтаушы ғана емес, сонымен қатар туризм саласында көптеген функцияларды атқаратын тұғырнама болып табылады. Бұлардан өзге, форум аясында туризм мен музейлердің ынтымақтастығы барысында туризм саласының тіимділігін арттыратын инновациялық шешімдер ұсынылады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56