^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 21 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Мақсат Қиқымов тағайындалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Ілияс Өсеров атанды. Бүгін қаланың Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы да таныстырылды. Бұл лауазымға бұған дейін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми – зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған Нұрлан Уранхаев ие болды.

Қиқымов Мақсат Сәкенұлы – бұған дейін Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспаралу басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Еңбек жолын Алматыдағы «Альянс банк» АҚ филиалының бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы «Альянс банк» АҚ «Алатау» филиалында бөлімнің, басқарманың бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтердің міндетін атқарушы,«Астана - финанс» банкі АҚ- ның Алматы филиалының бэк- офисінің меңгерушісі, «Трансервис-Миллениум» ЖШС-тің қаржы директоры, «Кредит Алтын Банк» АҚ-ның методология, автоматизация және бизнес-процестер басқармасының бастығы, бас бухгалтер- басқарма мүшесі, «Bank RBK» АҚ банк технологиясы Департаменті директорының орынбасары, «Алматы қаласының Қаржы басқармасы»МҚК басшысының орынбасары және «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жопарлау басқармасы»МҚК-ынның басшысы қзыметтерін атқарған.

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне осы басқарма басшысының орынбасары болған Ілияс Өсеров тағайындалды.

Өсеров Ілияс Ерікұлы – бұған дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Сбербанк» ДБАО филиалының несиелік әкімішілікк бөлімінің несиелік әкімшісі болып бастаған. Кейін осы банктің Алматы филиалында несиелік әкімшілік секторының жетекші маманы болған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қаржы секторын дамыту Басқармасы мен инвестициялық саясат Департаментінің сыртқы көмекті үйлестіру секторының сарапшысы, бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қаржы секторын дамыту Басқармасы мен инвестициялық саясат Департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі мемлекеттік міндеттемелер мен қаржы секторын саяси дамытуды басқару секторы Департаментінің қаржы секторын саяси дамыту Басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық- техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Уранхаев Нұрлан Тельманұлы - бұған дейін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми – зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның бас директоры болған

Еңбек жолын 1987 жылы «Казпромтехмонтаж» тресінің Семейдегі монтаждау басқармасында слесарь-монтаждаушы болып бастаған , кейін шебер, учаске прорабы болған. Әр жылдары «Зергер»өндіріс- қаржы копорациясының бас директоры, президенті, «Аққұс» АҚ-ның, «Сұңқар» ЖШС-нің, «Казиркутсклес» АҚ біріккен кәсіпорындарының президенті және басқа қызметтерді атқарған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резервтер Комитеті Төрағасының орынбасары, ҚР Премьер- министрі Кеңсесінің индустриалды- инновациялық даму Бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, «Ертіс» ҰК ӘКК» АҚ басқарма төрағасының оырнбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығын қорғау Агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңешісі лауазымдарын атқарған.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56