^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оңтүстіккореялық Keon-A Information Technology Co. Ltd компанияның президенті Кван Хо Шимоммен кездесті. Екі жақ кездесу барысында, мегаполисте бейнебақылау жүйелерін өндіретін кәсіпорынның ашу мүмкіндігі туралы талқылады.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оңтүстіккореялық Keon-A Information Technology Co. Ltd компанияның президенті Кван Хо Шимоммен кездесті. Екі жақ кездесу барысында, мегаполисте бейнебақылау жүйелерін өндіретін кәсіпорынның ашу мүмкіндігі туралы талқылады.

Алматы әкімі атап өткендей, Оңтүстік Корея азия кеңістігінде Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Алматы қаласында сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлік, телекоммуникация және т.б салалар бойынша корей капиталының қатысуымен 279 кәсіпорындар жұмыс істейді. 2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстыра қарасақ Ағымдағы жылдың жеті айы ішінде тауар айналымы қала мен ел арасында таңғы болжамдар бойынша 13,9% - ға өсті, 83,4 млн. долл. АҚШ.

«Қазіргі кезде «Алматы – 2020» бағдарламасы аясында «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Заманауи технологиялар қойылған міндеттердің іске асырылуында ажырамас бөлігі болып табылады. Егер екі жыл бұрын қалада 60 мыңнан астам бақылау камералар жұмыс істесе, қазіргі таңда олардың саны 100 мыңнан асады және көшелерде ғана емес, аулаларда, қоғамдық кеңістіктерде. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады және видеотіркеу жүйе өңдірісін лакализациялау екі жаққа да тиімді болуы айқын» – деді Бауыржан Байбек.

Оңтүстіккорея компаниясы автоматтандырылған ақпараттыө жүйені құру жобасын 2012 жылдан бері Алматы қаласында жұмыс істейтін жол қозғалысының қауіпсіздігі жобасын іске асыруға белсенді қатысты.

ЖҚҚ ААЖ жұмыс істеген жылдар аралығында жыл сайын жол қозғалысының ережелерін бұзу саны орташа шамамен 20 %-ға төмендеуі байқалады. ЖҚҚ ААЖ жобасының екінші кезенің іске асыру мәселесі қаралуда. Соның шеңберінде «Keon-A» жаңартылған видеотіркеу құралдарымен Алматы қаласының қосымша учаскелері жабдықталатын болады. Біз инвестиция құюға, технологияларды беруге, персоналды оқытуға дайынбыз. Оған қоса индустриялық зона және – инвесторлар үшін жақсы жағдай беріледі. Бұндай ынтымақтастықтың перспективалары көз алдында көрініп тұр, соның ішінде «ЕАЭС» шеңберіндегі мүмкіндіктерге байланысты атап өтті Кван Хо Шим.

Бүгінгі күні «Keon-A» техникалық және бағдарламалық өнімдері Корея, Қазақстан, Қытай, Польша, Иран, Вьетнам және басқа елдерде құрылып қолданылады. Олар ЖЖЕ бұзылушылықтарын бақылау, қоғамдық көлік басқармасы жүйесі, мониторингтің біріктірілген орталығы және басқарма (қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп, көлік, муниципалдық қызмет жұмысын бақылау) сияқты жол-көлік басқармасының барлық аспектілерін қамтиды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56