^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 13 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы қаласында дератизациялаудың өту барысы туралы
Алматы қаласында дератизациялаудың өту барысы туралы

Құрметті қала тұрғындары! Алматы қаласында бюджеттік қаржы есебінен 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 30 қазан аралығында бекітілген кестеге сәйкес кеміргіштерге қарсы жаппай дератизациялау жүргізілуде.

Кеміргіштерді жою жұмыстарын арнайы «Алматы қаласы бойынша Дезинфекция орталығы» мекемесі орындауда. Атқарылып жатқан жұмыстар барысын аудандық әкімдіктердін және Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары қадағалауда. Өңдеу жұмыстары Түрксіб, Жетісу аудандарында аяқталса, қазіргі таңда өңдеу жұмыстары 4 қазаннан бастап Алатау ауданында өткізіліп жатыр. Келесі Медеу ауданында 13 – 17 қазан аралығында басталады. Алмалы ауданында 18 - 19 қазанында, Әуезов ауданында 20 – 21 қазанында, Бостандықта 22 - 25 аралығында өткізілсе, ал Наурызбай ауданында 26 -30 қазанында аяқталады.

Осы мезгілде дератизациялау жұмыстарымен кеміргіштер мекендейтін негізгі жерлері: барлық жекеменшік үйлер, жол бойындағы арықшалар, аялдамалар, өзен-көл жағалауары, саябақтар және үй-аралық және күл-қоқыстар жинайтын алаңдар т.б. қамтылады.

Жаппай дератизациялаумен қатар мегаполис аумағында орналасқан меншік иелігіне қарамастан барлық қалалық ұйымдар мен мекемелер, базарлар, тағам және сауда, коммуналдық, өндіріс өнеркәсіптері, сонымен қатар көпқабатты үйлердің ПИК (пәтер иеліктерінің кооперативі) өз қаржысы есебінен кеміргіштерге қарсы жою жұмыстарын жүргізгені өте маңызды.

Қала тұрғындары мынаны білулері қажет: өңдеу жұмыстары «Бромадиолон» атты арнайы улы зат қосылған дәндермен жүргізіледі. Жемдегі удың мөлшері кеміргіштердің ағзасына түскеннен кейін олардың қаны қоюланып, тамырлары тесіліп, ішкі органдарға қан құйылып, денелері ісінеді де, орташа есеппен 5 – 7 күн аралығында өледі. Сол себебтен егеуқұйрықтар уланудың салдарынан 10 күн аралығында ашық жерлерге масайып, шыға бастағанда сырт көзге олардың саны көбейіп кеткендей көрінеді және денелері удың әсерінен ісініп, семіріп кеткендей болады.

Кеміргіштердің өліктері ешқандай эпидемиялық қатер тудырмайды, олар тұрмыстық қоқыс - қалдықтармен бірге жойылады.

Алматы қаласының аймақтарында дератизациялық шаралардың өткізілуі туралы арнайы «Алматы қаласы бойынша Дезинфекция орталығы» мекемесіне мына телефондар арқылы хабарласуға болады 2790145; 2336523.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56