^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 21 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда бюджеттік қаражатты қайта бөлу есебінен қосымша 5 мың жұмыс орны ашылады
Баспасөз релизі

Тақырыбы: Алматыда бюджеттік қаражатты қайта бөлу есебінен қосымша 5 мың жұмыс орны ашылады

Алматыда қалалық мәслихаттың кезекті мәжілісі өтті, оның барысында жергілікті бюджет қаржысын қайта бөлу есебінен 9,3 млрд. теңгеге түзетілді, бұл шамамен 5 мың жұмыс орнын құрды.
Жастарды қолдау – бұл қала үшін басты басымдық, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Жастар жылы» деп жарияланған. Осыған байланысты жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге әлеуметтік салаға 1,8 млрд. теңге бөлінді, «Бұл мәселені шешу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тұрғын үй сатып алуға жастарға жеңілдікті несие беру механизмін қолдану ұсынылады. Жастарға арналған несие жылына 5% мөлшерінде болады. Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен 303,2 млн. теңге қаражат денсаулық сақтау саласына, жедел жәрдем шақыру санын көбейтуге байланысты шығындарды жабу, сондай-ақ 3 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық күшейту және онкоорталық салуға бөлу көзделіп отыр», – деп атап өтті іс-шара барысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ілияс Усеров.
Сондай-ақ, И.Усеров биылғы жылы «Балапан» мемлекеттік тапсырысы бойынша 898 орынға балаларды қамтуға 71 млн. теңгеге арттыруды және 3 балабақша мен 3 мектепке инженерлік желілерді салуды бастауды жоспарлап отыр, оған 2,6 млн. теңге бөлінді дейді. Бұдан өзге, 2018 оқу жылы аяқталғаннан кейін 10 млн. теңгеге екі мектепте сейсмикалық күшейту жұмыстары басталады.
Қаланың спорттық әлеуетін дамыту және қолдау мақсатында шаһарымыздың әрбір ауданында қыс мезгілінде халықтың бос уақыттарын тиімді өткізу және демалыс үшін маусымдық мұз айдынын ашыға қосымша қаржы бөлу жаспарлануда. Аталған мұз сырғанақтары қала тұрғындары үшін тегін қызмет көрсететін болады.
«Қалаға келуші жекеменшік туристтерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың басты көрікті жерлерін аралау үшін экскурсиялық туристік автобус іске қосылады, ол қаланың негізгі көрікті жерлерін көруге мүмкіндік береді», – деді И.Усеров
Бұдан өзге, қаражат келесі бағытқа бөлінетін болады: ІІД маттехбазасын нығайтуға 10 эвокуатор сатып алу, қалалық сот ғимаратын салуды жалғастыру, тиімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін 10 автокөлікке арналған 2 өрт сөндіру стансасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу.
Қосымша қаражат қаланың жол-көлік инфрақұрылымын салу, Ян-Гейл тұжырымдамасын іске асыру аясында көшелерді жетілдіру, сондай-ақ қалалық онкологиялық орталық салу үшін жұмсалады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» мақаласының шеңберінде халықтың рухани дамуы мен мәдени мұрасына ерекше назар аударылатын болады. Сондай-ақ, несиелік тұрғын үй салу жоспарлануда, оның салдарынан 2017 жылы 47 үйдің ірге тасын қалау басталады. Сонымен бірге, «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында Саялы-2 ы/а 6 тұрғын үйдің құрылысы басталуына қажетті қаржы жіберіледі.
Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 976,2 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде Абай даңғылының ұзартуды бастауға, Фурманов көшесін созуда авторлық және техникалық қадағалау жүргізу. Алматинский көшесінің қайта құрылысы, Панфилов көшесіндегі 6 реттелетін жаяу жүргіншілер өткеліндегі қозғалысты ұйымдастыру, сондай-ақ қоғамдық көліктегі жолаушыларға жеңілдікті жол жүру шығындарын өтеу, бұл жеңілдік алатын азаматтардың көбеюіне байланысты.
Ағымдағы жылы 442 үй аулалары жөнделуде. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасады, осыған байланысты аулаларды абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 39,5 млн. теңге бөлінеді. Орталық мәдениет және демалыс саябағының ағымдағы жөндеуіне қосымша 28 млн. теңге бөлінеді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы жергілікті даму бюджеті 1,5 есеге артып, 100 млрд. теңгеге жетті. Осылайша, тек көріктендіруге 2,3 есе, жолдарға - 1,7 есе, инженерлік жүйелерге - өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық бөлінді.
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56