^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 22 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасына ұсыныстарды қабылдау 31 қазанға дейін ұзартылды

Баспасөз - релизі

Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасына ұсыныстарды қабылдау 31 қазанға дейін ұзартылды.

Алматы қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасына ұсыныстарды қабылдау 31 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды. Ұсыныстар 2017 жылғы 31 қазанға дейін, 31-ін қоса есептегенде, қабылданады.

Бұдан бұрын ұсыныстардың 2017 жылғы 15 қазанға дейін қабылданатыны туралы хабарланған болатын. Естеріңізге салсақ, «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ тапсырмасы бойынша қолайлы қала ортасын жақсарту мақсатында Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Тұжырымдаманы әзірлеу үшін орман шаруашылығы ғалымдары, сәулетшілер, биологтар, экономистер, гидрологтар және қоғамдық ұйым өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

Тұжырымдама қаланың климаттық ерекшелігі, топырағының құрамы, жерасты суының жақын орналасуы деңгейін, жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігіне талдау жасауға негізделген.

Тұжырымдама егілетін ағаш-бұташа, өсімдік материалдарын таңдау, дайындау және оны күтіп баптау әдістемесінен, саябақтар, аула ішіндегі аумақтар, санитарлық қорғаныс аймағына арналған бірыңғай қалалық көгалдандыру жүйесінен құралып, қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жүйесін дамыту жөніндегі Алматы қаласының бағдарламасын әзірлеуге, Алматы қаласының аумағында өзінің қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне негіздеме болады.

Тұжырымдама әзірлеудегі тағы бір мақсат - бұрыннан бар жасыл желектердің күйін жақсарту және жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің бір адамға шаққандағы көлемін 13 шаршы метрге дейін арттыру болып есептеледі..

Алматы қаласының тұрғындары аталған Тұжырымдамаға қатысты өз ұсыныстарын a@conga.kz адресіне жібере алады.

www.conga.kz сайтында қосымша ақпаратпен танысуға болады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56