^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ахметов Валихан Исаұлы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Атап өтерлік жайт, соңғы екі жылда денсаулық сауқтау жүйесіе қаржыландыру едәуір өсті. Тек 2017 жылдың өзінде ғана денсаулық сақаудың 9 жаңа нысаны салынды. Қалаға қосылған елді мекендерді медициналық инфрақұрылымға қолжетімді етуге ерекше назар аударылды. Толық жабдықталған жаңа 40 автокөлік алудың арқасында жедел жәрдем паркі 25 пайызға жаңарды.

Медициналық туризмді дамыту қарқынды жүруде. Халыққа стационарлық және осыған ұқсас көмек көрсетуде жеке медицина ұйымдарының үлесі артты. Мысалы, жеке инвестиция есебінен репродуктивті медицина Институты – ЭКО орталығы құрылды.

Міндетті медициналық қамсыздандыруды енгізу бойынша қарқынды жұмыстар іске асты. Қалада бүгінгі күні 1 млн. 800 мыңнан астам адам медицина ұйымдарында тіркелген.

Орта Азия елдері мен Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласы Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік ұйымының «Денісау қалалар» жобасына енді. №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде сырқатқа кешенді көмек көрсетудің «Emergency room» жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде қызмет көрсету 3,5 есе қысқарып, қабылдау 3 есе өсті. Айта кетерлігі, Алматының денсаулық жүйесі Универсиаданы өткізу кезінде алға қойған міндеттерді ойдағыдай атқарды. Екі көппрофильді стационар базасында тікұшақ қонатын алаң салынды, соның арқасында науқасқа заманауи медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. .

Алматыда денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері жақсы, оң динамикға ие. Мысалы, балалар өлімі ( 1 жастан 2 жасқа дейін) 2,5 есе төмендеген, туберкулёзге шалдыққандарды амбулаториялық жолмен емдеу 2 есе өсті, соның арқасында осы сырқаттан қайтыс болатындар саны 36%-ға төмендеді.Тыныс алу органдары ауруларынан,грипптен,жұқпалы және басқа да ауру түрлерінен қайтыс болатындар қатары азайды.

 

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56