^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 мамыр 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы ЮНЕСКО-ның шығармашыл қалалар Желісіне енді

Алматы ЮНЕСКО-ның шығармашыл қалалар Желісіне енді

ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың шешімімен UNESCO-ның шығармашыл қалалар Желісінің жаңа мүшелері болып әлемнің 44 елінің 64 қаласы қабылданды. Бұл тізімге қазақстандық мегаполис Алматыда енді. ЮНЕСКО-ның шығармашыл Желісі қалаларды дамытудың басты факторы ретінде инновация мен креативтілікті дамытуды алдыңғы орынға қояды. Желіге жергілікті органдар қызығушылық танытуда.

«Бұлар жаңадан енгендер, бұрын Желіге ұсынылмаған елдердің 19 қаласы, қала профильдерін дамыту мен географиялық тепе-теңдікті сақтаушылар», - деді ЮНЕСКО-ның бас директоры.

ЮНЕСКО-ның шығармашыл қалалар Желісі өзіне мүшелердің жеті тақырып бойынша шығармашыл әлеуетін айқындайды, олар: декоративті-қолданбалы және халық өнері, дизайн, кинематография, гастрономия, әдебиет, медиаөнер және музыка. Қазіргі кезде Желінің құрамында 72 елдің 180 қаласы бар.

Географиялық, демографиялық, экономикалық дамуына қарамастан шығармашыл қалалардың барлығы шығармашыл салаларды, қалалардың тұрақты дамуы үшін мәдениет пен өнерді дамытуға ықпал ету мақсатында озық тәжірибені кеңінен өрістетуде және таратуда.

БҰҰ-ның қалаларды дамытудың Жаңа күн тәртібі аясында Желі шығармашылықты тұрақты дамытудың алаңдарын ұсынады.

Шығармашыл қалалар Желісінің жыл сайынғы келесі жиынын 2018 жылы Польшаның Краков, Катовице қалаларында 2018 жылдың маусым айында өткізуді жоспарлаған.

ЮНЕСКО-ның 64 шығармашыл қалаларының тізімі:

Альба (Италия) - Гастрономия, Алматы (Қазакқстан) - Музыка, Амаранте (Португалия) - Музыка, Окленд (Жаңа Зеландия) - Музыка, Багио Сити (Филиппин) - ұлттық қолөнер Барселуш (Португалия) - қолөнер, халықтық өнер Брага (Португалия) - Медиа- өнер Бразилиа (Бразилия) - Дизайн, Бристоль (Ұлыбритания, Солтүстік Ирланди я) - Фильм, Брно (Чехия) - Музыка, Пучхон (Корея) - Әдебиет, Буэнавентура (Колумбия) - Гастрономия, Каир (Египет) - Ремесла и народное искусство, Кейптаун (Южная Африка) - Дизайн, Каррара (Италия) - Халықтық қолөнер, Чанша (Қытай) - БАҚ, Ченнаи (Индия) - Музыка, Чианг-Май (Таиланд) - Халықтық қолөнер, Chordeleg (Эквадор) - халықтық қолөнер, Кочабамба (Боливия) - Гастрономия, Тэгу (Корей Республика сф Корея) - Музыка, Дубай (Біріккен Араб Эмираты) - Дизайн, Дурбан (Оңтүстік Африка) - Әдебиет, Фрутильяр (Чили) - Музыка, Габрово (Болгария) - Халықтық қолөнер, Үлкен Джилонг ​​(Австралия) - Дизайн, Гвадалахара (Мексика) - БАҚ Хатай Метрополитен (Т үркия) - Гастрономия, Стамбул (Т үркия) - Дизайн, Жоао Пессоа (Бразилия) - халықтық қолөнер, Канзас-Сити (АҚШ) - Музыка, Колдинг (Дания) - Дизайн, Кортрейк (Бельгия) - Дизайн, Кошице (Словакия) - Медиа- өнер, Кютахья (Т үркия) - Халықтық қолөнер, Лиллехаммер (Норвегия) - Литература, Лимож (Франция) - Халықтық қолөнер, Лодзь (Польша) - Фильм, Маконың арнайы әкмішілік ауданы, Қытай (ЮНЕСКО) - Гастрономия, Мадаба (Иордания) - Халықтық қолөнер, Манчестер (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия) - Литература, Мехико (Мексика) - Дизайн, Милан (Италия) - Литература, Морелия (Мексика) - Музыка, Норрчёпинг (Швеция) - Музыка, Уагадугу (Буркина-Фасо) - халықтық қолөнер, Панама (Панама) - Гастрономия, Парати (Бразилия) - Гастрономия, Пезаро (Италия) - Музыка, Порто-Ново (Бенин) - халықтық қолөнер, Прая (Кабо Верде) - Музыка, Циндао (Қытай) - Фильм, Квебек (Канада) - Әдебиет, Сан-Антонио (АҚШ) - Гастрономия, Сиэтл (АҚШ) - Әдебиет, Шеки (Әзірбайжан) - Халықтық өнер, Сокоде (Того) - Халықтық қолөнер, Террасса (Испания) - Фильм, Тетуан (Марокко) - Халықтық қолөнер Торонто (Канада) - Медиа- өнер, Тунис (Тунис) - Халықтық қолөнер, Утрехт (Нидерландия) - Әдебиет, Ухань (Китай) - Дизайн, Ямагата (Жапония) - Фильм.

Анықтама:

UNESCO - United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization (ЮНЕСКО) - Біріккен Ұлтттар Ұйымының білім, ғылым, мәдениет жөніндегі арнайы мекемесі.

Дереккөз: www.en.unesco.org

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13