^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 18 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы қаласының әкімдігі мен «Цеснабанк» АҚ жеке пәтер иелерін қолдау туралы келісім жасады

Баспасөз релиз

Алматы қаласының әкімдігі мен «Цеснабанк» АҚ жеке пәтер иелерін қолдау туралы келісім жасады

Қазақстанда алғаш рет банк есебінде жинақталған тұрғын үйлерді ұстау мен оларға жөндеу жүргізуге қатысты жұмсалатын қаржыдан банк комиссиясы ұсталмайды, керісінше банкте ынталандыру табысы ретінде жинақталатын болады. Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы мен «Цеснабанк» АҚ ынтымақтастық туралы меморандум жасады, оның мақсаты - ПИК-дің жұмыстарын барынша жариялы ету және тұрғындарды банк жинағы мен комиссиясынан арылту.

Еске салсақ, заң бойынша үйлерді басқаратын органдар (ПИК) қызмет көрсететін үйлерге қатысты оны ұстап тұру үшін ағымдағы банк есебін ашуы және күрделі жөндеу жүргізу үшін тағы бір жинақ есебін ашуы тиіс.

Бүгінгі күні үйлерді басқаратын органдар (ПИК) кейде саны 100-ге жететін үйлерге де бір ғана банк есебін ашып, құқық бұзушылыққа жол береді.

Осының салдарынан жианқталған қаржының қалай жұмсалатыны көлеңкелі болып, бір үйді жөндеу үшін жиналған қаржы басқа үйлерді жөндеуге жұмсалады. Сол себепті тұрғындар ақша жинағысы келмейді. Үйлер мен олардың аулалары күтімсіз қалады. Бұл келеңсіздік бірнеше жылға жалғасып келеді.

Үйлерді басқаратын органдар (ПИК) үшін жеке банк есептерін ашудың қиындығы екінші деңгейлі банктердің жоғары пайызы ( айына 2000 теңгеге дейін немесе жылына 24 000 теңге) , бұл қаржылар үй тұрғындарының есебінен төленеді..

Меморандумға қол қою арқасында «Цеснабанк» АҚ-да «Тұрғын үй» бөлімі ашылады, онда үй иелерінің қаржылары арнайы жинақталады..

Бұдан былай кондоминиум обьектілерінің ағымдағы және жинақ есептері 200 теңгеге дейін немесе жылына 2400 теңгеге дейін төмендейді, интернет-банкинг үшін 200 теңге комиссия ретінде ұсталады. Бұдан өзге, операциялар үшін де комиссиялар ( оның орташа көлемі операцияға қатысты 0.4%) ұсталмайды.

Тұрғындардың күрделі жөндеуге жинаған қаржыларынан комиссия алынбайды. Қайта, оларға жылына 9% көлемінде үстеме сыйақы беріледі, яғни алғаш рет үй иелерінің банк есптеріндегі жинаған ақшалары артатын болады.

Енді тұрғындар банктегі қаржының қалай жұмсалғанын бақылай алады, ал бұл Алматы қаласының тұрғын үй қорының жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Алматының тұрғын үй қоры еліміздегі ең ірі құрылым, оның құрамына 8 175 көпәтерлі тұрғын үйлер енген, бұларға 824 үй басқару органдары (ПИК) қызмет көрсетеді. Үйлердің жартысынан көбі (3,5 мың) 70-80 жылдары салынғандар, бұлар тиісті жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Бұрындары Алматы қаласының мәслихатында Алматы қаласынынң тұрғын үй қорының Ережесі бекітіліп, онда үйлерді басқару органдарының жұмыстарын барынша ашық және жариялы ету, көппәтерлі тұрғын үйлерді дұрыс ұстау сияқты өзекті мәселелер қамтылған болатын.

Ережені жасау барысында тұрғындар көтерген мәселелер, ПИК-тердің жұмысы жөніндегі азаматтардың 3 мыңнан астам арыз- шағымдары қаралды. Ережеде процедуралар реттелді, олар: есеп беру мерзімі, жиналыс өткізу және жазбаша өтінім, әр МЖД бойынша жеке баланс енгізу. Сонымен қатар, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің регламенті бекітілді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56