^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 21 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметті жедел көрсету қағидасы қолжетімді болуда

Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметті жедел көрсету қағидасы қолжетімді болуда

Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсету процестері барынша оңтайландырылуы тиіс екенін атап өткен еді. Оның маңызды бағытттарының бірі - тұтынушының қатысуынсыз-ақ мемлекеттік қызметті көрсету. «Азаматтар үшін үкімет» мемкорпорациясы 2017 жылдың аяғында нәрестенің өмірге келуіне қатысты мемлекеттік қызмет көрсетудің пилотты жобасын жүзеге асырды.

Бұл қызмет тууы туралы куәлікті әзірлеумен қатар сәбиді бала бақшаға кезекке қоюға дейінгі кезеңді қамтиды. Ал, бұрын ата-аналар баласы үшін мемлекеттік қызмет көрсету орындарына бірнеше рет келетін. Яғни, сәбидің туылғаны тіркелетін, жәрдемақы тағайындалатын, бала бақшаға кезекке қойылатын.

Қызмет көрсетудің жаңа форматы арқасында төрт мыңға жуық әйелдер SMS-хабарламалар мен құттықтаулар алды. Нәрестенің өмірге келгені туралы ақпарат дереу Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратты жүйесіне түседі, баланың, ата-анасының есімдері SMS арқылы аудандық АХАК-ға жіберіледі, жаңа туған нәрестеге ИИН беріледі, осыдан кейін ата-аналар баласының тууы туралы дайын куәлікті алып кете алады және келісім бойынша жеке есепшотына жәрдем ақы түседі. Әрі қарай осы ақпарат арқылы балдырған бала бақшаға автоматты түрде кезекке қойылады. Жедел қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Электронды үкіметтегі жеке кабинеттің порталында өздігінен тіркелуге болады, ол үшін мобильді телефон нөміріне ИИН-ді қосу керек немесе «Connection point» секторы арқылы ХҚКО-дағы маманның кеңесі арқылы өздігінен тіркелуге де болады.

Б. Қоржынбаев,
Алматы қаласы №1 бөлімінің басшысы

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56