^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 18 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда №69 бағттағы автобустар жаңарды

Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, бүгін сыймдылығы шағын жаңа автобустар №69 бойынша жолға шықты

Бұрындары осы бағыттағы тасымалдаушы интервалды сақтамайтын, автобустардың техникалық жағдайы төзгісіз болатын, соның салдарынан жолаушылардан шағым да көп түсетін.

Бүгіннен бастап Ұлжан-1 елді мекенінен «Жетісу» базарына дейін және Өжет,Қайрат ықшам аудандарына, Райымбек даңғылына, Құлжа трактіне жаңа 10 жылжымалы состав қызмет көрсетеді.

Еске салсақ, №131, 115, 127, 12, 22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112,22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56