^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
1 сәуірден бастап «Алматы-Ұзынағаш» электричкасы екі реттен жиі жүретін болады

«Алтын Орда» базары маңындағы авотомобиль жолдарын қайта жасау жұмыстарының басталуына және жолдың осы бөлігінде көлік кептелісінің көп белең алуына, сонымен қатар жолаушы легінің артуына орай «Алматы-Ұзынағаш» теміржол бағытындағы қозғалыстарды күніне 2-ден 4 рейске дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімдігі 2017 жылы «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Ұзынағаш» теміржол бағыттарын ашқан еді. Аталған бағыттарды субсидиялау нәтижесінде жол ақысы 80 теңге болды әрі бұл шара жолаушыларды көлікпен заңсыз тасымалдаумен айналысатындардың жолын кесті.Бұлардан өзге, бағыт вагондарына «Оңай» терминалдары орнатылған, бұл жолаушыларға кассаға бармай-ақ жолақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Алайда, «Алматы-Қапшағай» автомобиль трассасының пайдалануға берілуіне орай «Алматы-Қапшағай» теміржол бағытында жолаушылар легі төмендеген. Сондықтан Алматы әкімдігі істің экономикалық маңызын ескере келіп аталған бағыттағы теміржол қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56