^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 мамыр 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ерекше қажеттілігі бар және даму мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» ХIII Республикалық шығармашылық фестивалінің аймақтық іріктеуі

Өтетін күні: 23 сәуір 2018 ж.

Өтетін орны: Алматы қаласы Оқушылар сарайы (Достық даңғылы 124)

2018 жылғы 23 сәуірде сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында ерекше қажеттіліктері бар және даму мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» ХIII Республикалық шығармашылық фестивалінің аймақтық іріктеу кезеңінің салтанатты ашылуы өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Білім басқармасы, КҚ

«BI-Жұлдызай»

Фестивальға Алматы қаласынан 300-ден астам интернат тәрбиеленушілері қатысады.

Іс-шараның мақсаты:

  • ерекше қажеттіліктері бар балалардағы әлеуметтік белсенділікті, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • фестивальдің әрбір қатысушысының жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру және қолдау көрсету;
  • балалар шығармашылығын қолдау саласында мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының инновациялық әдістерін қалыптастыру.

Іс-шараның міндеттері:

- ерекше қажеттілігі бар дарынды балаларды анықтау және дамыту;

- баланың шығармашылық дамуына үлес қосу және баланың эмоционалдық танымында, баланың эстетикалық сезімін қалыптастыруға жәрдемдесу;

- ерекше балалардың дарынын дамытуға нақты көмек көрсету;

- командалар арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынас орнату.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша: 8701-375-11-09, 8701-822-88-69, 8747-716-97-01, 262-27-38, 262-34-82

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13