^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
AlmatyTechCup – жастардың ғылыми- техникалық даму қадамы

Алматы қаласының Білім басқармасы 2018 жылдың 28-29 сәуірінде Алматы қаласы әкімінің «TechСup- 2018» Кубогі үшін робот техникасы және иноовациялық технологиялар бойынша V-ші Ашық Чемпионат өткізеді.

«TechCup» - ҚР ғылыми- техникалық шығармашылық бойынша ірі чемпионаттардың бірі, ол робот техникасы, жаңа технологиялар мен инновацияға берілген барлық жастарды біріктіретін ғылыми құбылыс.

Жыл сайын Чемпионат өз тұғырында 7 жастан 21 жасқа дейін шығармашыл жастардың басын біріктіреді, олар көпшілік назарына инженерлік жобаларын ұсынып, робот техникасы мен жаңа технологиялар бойынша білімдерін көрсетеді.

Чемпионат алғаш рет 2 014 жылы ұйымдастырылды. Осы жылдар ішінде оның көлемі 20 дан 200 командаға дейін ұлғайды, қатысушылар саны 1200 адамға өсті.

Айта кетерлігі, « AlmatyTechCup– 2018» чемпионатына ерекше білімді қажет ететін оқушыларды да қатысуға шақырылуы Қазақстанда бірегей білім кеңістігінің қалыптасқанын көрсетеді. Мұндай командалар мүшелері қауіпсіз орта мен арнайы ойын алаңдарымен қамтылады, жалпы турнирге қатысушылардың барлығы мейірім мен достық ауанына бөленеді.

«AlmatyTechCup» Чемпионаты сынды білім шараларын өткізу Алматы мен Қазақстанда осы бағытта балалар мен ересектер үшін жаңа қадамның қалыптасқанын көрсетеді. Жалпы, бұл шара Республика бойынша мүдделес жастардың бас қосып, білімдерімен бөлісулеріне мүмкіндік береді», –деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқармасы «Жаңа технологиялардың қалалық ғылыми- әдістемелік орталығы» ҚКМ-нің директоры А. Дупик.

Чемпионат аясында екі күн бойына робот жасаушылар, инженерлік және бағдарламалық жобалар жасаушылар, шеберлік сыныптарын өткізушілер арасында сайыстар, түрлі таныстырымдар және басқалары өтеді.Жеңімпаздарға бас жүлде Алматы қаласы әкімінің алғашқы Кубогі беріледі. Оны барынша ұтымды, технологиялық жағынан ешкімге ұқсамаған жоба жасаған команда иеленеді.

Қатысуға ниет білдіргендердің барлығына есік ашық.

Ф естивал ға қатысты толық ақпаратты www.techcup.kz сайтынан алуға болады.

Ұйымдастырушылар:

Алматы қаласының Білім басқармасы

Оператор:

«MTMSolutions » ЖШС

Серіктестер:

Ассоциация OpenIT » ОЮЛ ,«Назарбаев тың Зияткерлік мектертері» ААҚ, « Жобаларды басқарудың Қазақ институт ы » ОҚ ,« Method » ЖШС

Байланыс

БолатбековаАйгүл Серікқызы, тел: +77017151385, email: info@techcup.kz

Өтетін орны: .Алматы, Мұз арена сы « HalykArena »

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56