^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда танымал архитектор Тимур Сүлейменовты соңғы сапарға шығарып салды

Алматыдағы Қазақстанның Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қоғам қайраткері, еңбегі сіңген өнер қайраткері және Қазақстанның дизайнерлер Одағының президенті Тимур Сүлейменовпен қоштасу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын Алматы әкімі Бауыржан Байбек оқып берді.

Мемлекет басшысы белгілі қоғам қайраткері Тимур Сүлейменовтың қайтыс болғаны жөніндегі хабарды қатты қайғырып қабылдаған.

«Тимур Бимашұлы өз мамандығының хас шебері еді. Ол архитектор және дизайнер ретінде кемел білімі мен мол тәжірибесін туған елінің игілігіне арнап еңбек етті. Қазақстанда осы өнер түрлерінің дамуына лайықты үлесін қосып, бірқатар маңызды жобалардың іске асуында өз қолтаңбасын қалдырды. Елімізде алғаш рет Дизайнерлер одағын құрып, көп жыл бойы соның жұмысына жетекшілік жасады. Кезінде республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, заң шығару қызметінің дамуына да үлесін қосты. Аяулы азаматтың еңбегі мен дидары халқымыздың жадында әрдайым сақталады деп ойлаймын», - делінген жеделхатта.

Бүгінгі күні оның өзіндік қолтаңбасын еліміздің әр өңірінен көруге болады. Олардың арасында Астанадағы саяси репрессия құрбандарына арналған Мемориалды кешен, «Атамекен» этно-мемориалды паркі, Аңырақай шайқасындағы тарихи ескерткіштер, Алматы облысындағы «Черкасск қорғанының батырлары» мемориалды кешені бар. Тимур Сүлейменов Мәскеудегі Абай ескерткіші мен Алматыдағы «Тәуелсіздік таңы» монументін жасауға да қатысқан еді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56