^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» желісіне қатысушы мэрлердің саммиті өтеді

Алматыда мэрлер мен саяси көшбасшылардың қатысуымен алқалы жиын өтеді, онда қалалардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі және денсаулық сақтау шарасына көпшілікті кеңінен тарту жөніндегі мәселелер талқыланады.

Аталған шара Алматыда қол қойылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық декларацияның 40 жылдығына орайластырылған әрі бұл құжат көпшіліктің денсаулығын қамтамасыз етудің стратегиялық негізіне айналған.

Айта кетерлігі, бұл декларация Дүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұйымының «Салауатты қалалар» атты Еуропалық желісін құруда маңызды рөл атқарды.

Сол кезден бастап жергілікті қоғамдастықтар базасы негізінде жұмыс істейтін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесі көпшіліктің денсаулығын жақсартудың құрамдас бөлігіне айналды.

Алматы декларациясының мұрасын одан әрі кеңейте түсетін саммит қалалар мен өңірлердің алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудегі рөлі,сау қалалардың қоғамдағы денсуалық сақтау ісіне тигізетін оң ықпалы, көші-қон ісіне қатысты әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру және тұрлі проблемаларды шешу сияқты маңызды мәселелерді талқылайды. Саммиттің қорытындысы бойынша мэрлердің Алматы үндеуі қабылданады.

Қалалар әкімшіліктерінің 100-ден астам өкілдері қатысатын форум Алматыда биылғы жылдың 23-24 қазан аралығында өтеді әрі Астанада болатын алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі Жаһандық конференцияның бастауына айналады.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13