^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 шілде 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда техникалық реттеу саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша семинар болып өтті

Алматыда 28-30 мамыр аралығында техникалық қызметкерлер үшін тегін оқу өткізілді. Семинарды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру болып табылады.Осындай семинарларға қатысу отандық ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарын халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін енгізуге ынталандырады.

Алматы қаласы бойынша филиалы «ҚазСтИн» РМК мен ТРМКД басшылары -Сауықбек Қапаев пен Зайнулла Маненов 3 күндік оқыту жұмысын ашты.

«ҚазСтИн» РМК Бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесінің негіздері мен жаңалықтарымен таныстырды. Ол «Стандарттау туралы» Заңның мақсаттары мен міндеттері, стандарттау жөніндегі Ұлттық органның құзыреті мен қызметін ұйымдастыру, стандарттау жөніндегі құжаттардың түрлері, қабылданған нормативтік-құқықтық актілер және Негіз қалаушы стандарттар туралы әңгімеледі. Стандарттау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тақырыбы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, сондай-ақ стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жұмысының жаңа форматы және Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау рәсімдері талқыланды. Дәріскер қабылданған "Стандарттау туралы" Заң мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру тәсілдерін өзгертіп, отандық өнеркәсіпке қажетті стандарттардың өзектілігі бойынша жаңа талаптарды енгізгенін атап өтті.

Сондай-ақ семинарға қатысушыларға Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесіндегі негізгі үрдістер, метрология саласындағы заңнамадағы жаңа бағыттар, техникалық реттеудің шарттық-құқықтық негізі, техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалаудың жаңа типтік схемалары және оларды қолдану ерекшеліктері туралы айтылды. Атап айтқанда, КО/ЕЭО: «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» және «Лифттердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері қаралды.

Іс-шараға «Русьэксперт-лифт» ӨРҰ дамыту жөніндегі директоры, «Лифтілер, эскалаторлар, жолаушылар конвейерлері және мүгедектерге арналған көтергіш платформалар» ТК 209 мүшесі Андрей Воронин қатысты. Ол лифттердің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті (КО ТР 011/2011) қолданудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Қорытынды жасай отырып, оқытуға өңірдің әр түрлі саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, әкімдіктерден, сәйкестікті растау жөніндегі органдардан, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханаларынан, оқу орындарынан 100 өкіл қатысты.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13