|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз «Мектепке жол» республикалық акциясы
Алматы қаласында ағымдағы жылдың 05 шілдесінен бастап дәстүрлі жыл сайынғыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Жүректен жүрекке» ұраныменбасталды. Акция 30 қыркүйекте аяқталады. Акцияның мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек және қолдау көрсету, мектепке бармайтын балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.Акцияны жоғары деңгейде өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл акция 12 жыл қатарынан өткізіліп келе жатыр. 2018 жылғы1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығындағыакция «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтті. Осы акцияның шеңберінде жалпы сомасы 141 млн. 328000 теңгеге 14250 мұқтаж оқушыларғаматериалдық көмек көрсетілді. 2019 жылғы 25 шілдеде сағат 10.00-де аталған акцияны жариялау және демеушілерді, меценаттарды, сондай-ақ балаларды қолдау мақсатында БАҚ өкілдері үшін Алматы қаласының Білім басқармасы брифинг өткізеді. Спикерлер: Алматы қаласы білім басқармасының өкілдері Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы 124, Оқушылар сарайы, 141 кабинет. Басталуы:сағат 10.00-де Байланыс телефондары: 8 701 715 13 85, 8 707 611 83 55 |
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|