^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 12 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Бюджетке қатысу: өтінім қалай беріледі?

Құрметті алматылықтар!

 

Биылғы жылдың 19 тамызында Алматыда «Бюджетке қатысу» пилотты жобасы қолға алынды.

Бюджетке қатысу немесе партисипативті бюджет – бұл азаматтардың қатысуымен жасалатын жергілікті бюджет.

Қала тұрғындары маңызды мәселелерді талқылауға және қаржылық шешімдерді қабылдауға өз үлестерін қосып, жоспарлау, талқылау және мониторинг сынды бюджеттік процесстердің барлық кезеңдеріне қатыса алады.

Алғаш рет партисипативті бюджет 1988 жылы Бразилияның Порту-Алегри қаласында енгізілді. Азаматтар қала бюджетін бөлуге қатысты. БҰҰ бұл процессті үлгі ретінде ұсынып, «оң практика» деп атады. Бүкіләлемдік банк партисипативті бюджетті қалалықтардың өмір сүру деңгейін жақсартудың қозғаушы күші деп бағалады.

Бүгінгі күні партисипативті бюджет Нұр-Сұлтанда, Парижде, Лондонда, Сеулде, Мәскеуде, Киевте, Лейпцигте қолданылады.

Алматыдағы бюджетке қатысудың мақсаты – қалалықтардың бастамасы мен ұсыныстары негізінде мегаполис аудандарының аймақтарын дамыту және абаттандыру.

Алматы тұрғындары өздерінің жобалы ұсыныстарын budget.open-almaty.kz порталы арқылы жібере алады.

Жобалы ұсыныстар 2019 жылдың 19 тамызынан 15 қыркүйегіне дейін ғана қабылданады.

 

Анықтама: Алғашында жобалы ұсыныстарды 19 тамыздан 1 қыркүйек аралығында қабылдау жоспарланған еді. Қоғамдық кеңестің ұсынысы бойынша 15 қыркүйекке ұзартылды.

 

Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталған соң сарапшылар комиссиясы оларды іріктейді, ал 4 - 13 қазан аралығында тұрғындар дауыс бере бастайды, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз жобалар анықталады.

Қазірдің өзінде 53 жобалы ұсыныстар түсті, оның ішінде Медеу ауданынан – 15, Бостандық ауданынан – 13, Алмалы ауданынан – 9, Әуезов ауданынан – 7, Жетісу ауданынан – 3, Алатау ауданынан – 3, Наурызбай ауданынан – 2, Түрксіб ауданынан – 1.

 

Анықтама: Ұсыныстардың 17 – балалардың ойын алаңдарын жөндеу мен жасауды, 13 – аудандарды дамытуға ықпал ететін өзге жобаларды, 11– қоғамдық кеңістіктерді, парктер мен скверлерді, жаяу жүргінші және влежолдарды жөндеуді, 3 – аулалар іштеріне асфальт төсеуді, 2 – тротуарлар, пандустар, арықтар салу мен жөндеуді, 2 –көше және парктерді жарықтандыруды, 1 – бағдаршам орнатуды, 1 –топиарлық фигураларды, кіші сәулет пішіндерін орнатуды, 1 – қоқыстар салатын урналарды,вазондарды, орындықтарды қоюды, 1 –аула ішін жарықтандыруды, 1 – аудан ішіндегі қауіпсіздікті (қоғамдық аумақтарға көліктің кіруін шектеу) қамтыған.

 

Аудандар әкімдіктерінің сарапшылар комиссиялары жобаларды Ереженің, ҚР заңнамасының, Алматыны дамыту бағдарламасының талаптарына сай іріктейді және пилотты жобаны іске асыру қорытындысын қарайтын болады.

 

Құрметті алматылықтар!

 

Белсенділік танытыңыздар, ауданды басқаруға, өмір сүру сапасын анықтайтын күнделікті мәселелерді шешуге қатысуға асығыңыздар.

Ол үшін өтініш жазып (жобалы ұсыныстың атауы, жалпы көрінісі, объектінің мекенжайы көрсетілуі тиіс),эскиз бен жобалы ұсыныстың сметасын (тұспалды болуы мүмкін) бірге тіркеу қажет. Қаласаңыз, объектінің көрінісіне қатысты фотосуретті қоса жіберуге болады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56