^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 22 мамыр 2019
 
     
 
Қала шаруашылығы / Экология / ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК

ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- қала көшелерін (жолдарын) жыл бойы күтіп ұстау, бөлінген жолақта қоқыстарды жинау, оны тиеу және қоқыс төгетін жерге шығару, бөлінген белдеулердегі шөптерді шабу және оны жинау, жолдың көлік жүретін бөлігін тазалау және жуу, шұңқырларды бітеу, шарықшақтарды, шұңқырларды түсіп кеткен жерлерді жасау, су ағызатын жыраларды көктемде қардан, жазда қоқыс, балшықтан тазарту көшенің жүру бөлігіндегі жол төсемдеріне белгілер түсіру, жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазарту;

- қысқы маусымда тайғаққа қарсы материалдарды дайындау, жолдарды қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, үйіліп қалған қарды тазалау, жүру бөлігін мұзға қарсы материалдармен өңдеу және оларды қажетті уақыт өткеннен кейін жолдан тазартып алу, автобус аялдамаларын қар мен мұздан тұрақты тазартып отыру;

- өндірістік базалардағы ағаштарды, жасыл желектерді, көлік жолайрықтарында гүлзарлардағы гүлдерді және көкжелектерді күтіп ұстау, оларды қалпына келтіру және әсемдік безендіру жұмыстарын орындай отырып, қаланың жолдары мен жол айрықтарын көгалдандыру, қаланың аумағын санитарлық тазалау, қоғамдық көліктің аялдама кешендерін, жаяу жүргіншілер жолы мен арықтарды саниатрлық тазалау және күтіп ұстау;

- бағдаршам объектілерін ретке келтіру және тазалықта ұстау.

ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК директоры - Кильдибаев Эльдар Замилович.

Кәсіпорын орналасқан жері – Дорожник шағынауданы, 26е.

Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7 (727) 252-62-15. Факс: +7(727) 252-61-12. е-mail: viktoria2192@mail.ru


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13