^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 4 шілде 2020
 
     
 
Қала шаруашылығы / Экология / «EcoAlmaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/545 «Алматы қаласы коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде 2018 жылғы қаңтарда, Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматыэкологияқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және ШЖҚ «Демалыс» МКК біріктіру және жарғылық капиталында мемлекеттің 100 % қатысуымен «EcoAlmaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі - Серіктестік) құру жолымен қайта ұйымдастырылды. Серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып Алматы қаласы Жасыл экономикабасқармасы есептеледі.

Серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шешімі негізінде, БСН 050240003614, Серіктестіктің Жарғысына 2017 жылғы 17 қыркүйекте және 2019 жылғы 10 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Серіктестіктің негізгі қызмет түрлері мынадай:     

1) мәдениет және демалыс саябақтары, тақырыптық саябақтар қызметіне, соның ішінде жасыл аймақтарды дамыту және пайдалануға қатысу;

2) Алматы қаласының сумен жабдықталуын қамтамасыз ететін су шаруашылығы жүйелері және құрылыстарын күтіп ұстау және пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) Алматы қаласының өзендері және су айдындарын күтіп ұстау және пайдалануға қатысу;

4) Алматы қаласының жасыл екпелерінің деректер базасын жүйелеуге қатысу;

5) Дінмұхаммед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын күтіп ұстау және пайдалану;

6) Алматы қаласының коммуналдық субұрқақтарын күтіп ұстауға қатысу;

7) жасыл екпелерді күтіп баптау және қорғау.

8) зиянды қалдык (құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау);

9) зиянды қалдықтарды (құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды өңдеу және жою)»

10) Алматы қаласының қоршаған ортасының компоненттерін зерттеуге мониторингтік және талдау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;    

11) тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық ағарту жүйесін жақсартуға қатысу;

12) қоғамдық қатынастарды реттеуге экожуйесін көзқарас орнатуға қатысу;

13) Алматы қаласындағы жузеге асып жатқан экология бағытындағы мемлекеттік саясатқа талдау жасау, оны жақсарту жолындағы ұсынастарды азаматтық қоғам институттарымен келісім алаңдары арқылы өткізу.

 

«EcoAlmaty» ЖШС Басшысы- Асанова Жанна Бейсентайқызы

Мекенжайы: 050036, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 9 шағын ауданы, Ю. Ким көшесі, 9А

Сайты: www.eco-almaty.kz

E-mail:eco_almaty@mail.ru

Байланыс телефоны: +7(727) 242-39-69


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz