^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 шілде 2019
 
     
 
Қала шаруашылығы / Экология / ШЖҚ «Демалыс» МКК

ШЖҚ «Демалыс» МКК

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Демалыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорынның құрылтайшысы Алматы қаласының әкімдігі болып есептеледі.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

- мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану саласында өндірістік- шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

- қала тұрғындары мен қонақтарына демалу үшін жағдай туғызу және жұртшылық көп демалатын орындарды жайластыруды ұйымдастыру, саябақ аумағын көріктендіру және көгалдандыру, сондай-ақ жасыл желектер мен су қоймаларын пайдалану, қорғау, сақтау, молықтыруды ұйымдастыру;

- мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану;

- жасыл желектерді күтіп баптау, оларды егу, қалпына келтіру және әсемдік безендіру, саябақ аумағын күтіп ұстау және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды орындай отырып, саябақтарды көгалдандыру;

- саябақтарды дамыту, саябақтардың табиғи ортасын қалпына келтіру, инновациялық-техникалық жабдықтау;

- саябақ жұмысының тәжірибесі мен әдістемесі туралы ақпараттық-жарнама материалдарын, каталог пен буклеттер шығару;

- табиғи кешенге кері әсерін тигізетін антропогендік факторларды төмендету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу;

- нақты табиғи қауымдастықтарды сақтау және қалпына келтіруге бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру, жергілікті өсімдік түрлерінің алуан-түрлілігін көбейту;

- демалушылардың демалысын ұйымдастырумен байланысты түрлі ақылы қызметтер көрсету;

- жаңа тақырыптық аймақтар орналастыру (спорттық, балалар алаңын, демалыс бұрыштарын).

ШЖҚ «Демалыс» МКК директоры – Ермұханбетов Мағауия Ермұханұлы.

Кәсіпорын орналасқан жері – ОМжДС, Гоголь көшесі, 1.

Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7 (727) 385-64-27.

е-mail: xeniatoporova@mail.ru


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13