^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 шілде 2019
 
     
 
Қала шаруашылығы / Экология / «Медеу» МӨТП КММ

«Медеу» МӨТП КММ

«Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биологиялық және ландшафты алуан түрлілікті сақтау, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықтары бар мемлекеттік табиғи қорық объектілері мен бірегей табиғи кешендерді табиғатты қорғау, экологиялық ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған, табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік өңірлік табиғат паркі мемлекеттік өңірлік табиғат паркі үшін белгіленген тәртіп түрімен мемлекеттік ұлттық табиғат паркіне ұқсас болып табылады, дәл сондай мақсаттар қояды және дәл сондай міндеттерді орындайды, бірақ табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесімен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады.

болып табылады.

«Медеу» МӨТП КММ қызметтерге қол жеткізу үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- биологиялық және ландшафты алуан түрлілікті сақтау, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықтары бар мемлекеттік табиғи қорық объектілері мен бірегей табиғи кешендерді табиғатты қорғау, экологиялық ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану;

- табиғи кешендерді, бірегей және эталондық табиғи учаскелерді, мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраларды сақтау;

- мемлекеттік өңірлік табиғат паркі мен оның қорғалу аймақтарының тәртібін қамтамасыз ету;

- экологиялық ағарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында тұрғындар мен студенттерді ағарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- биологиялық алуан түрлілікті сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу;

- Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша экологиялық жүйелерге және жеке табиғи объектілерге мониторинг жүргізу;

- бұзылған табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қалпына келтіру;

- мемлекеттік өңірлік табиғат паркі мен оның қорғалу аймақтарының аумақтарын экологиялық ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу;

- Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау бойынша ақпараттарды талдау және жинауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға қатысу.

Мекеменің шектеулі шаруашылық қызметі аймағында келесі қызмет түрлеріне рұқсат етіледі:

- орманды қосалқы пайдалану (шектеулі мал бағу, бұғы шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістерді және жидектерді әуесқой жинау);

- шектеулі алаңдарда ағаш тұқымдының және бұтаның, дәрі шөптердің және басқа да өсімдіктердің көшет материалдарын отырғызу, дәстүрлі пайдалану;

- өтпелі кесуді және алынған ағашты өңдеуді қоспағанда, санитарлық кесу, кесілгендерді күту;

- сувенирлерді, қолөнер және ұлттық кәсіпті жасау;

- балық материалдарын және балық тауарларының жергілікті түрлерін өсіру;

- қозғалмалы ара павильондарын пайдалана отырып, көшпелі ара өсіру;

- әуесқой (спорттық) аңшылық;

- әуесқой (спорттық) балық аулау;

- мелиоратвтік аулау;

- ғылыми-зерттеулік аулау;

- өндірістік мақсатта аулау.

«Медеу» МӨТП КММ директоры - Бурибаев Болатбек Құдайбергенұлы.

Кәсіпорын орналасқан жері – Жандосов көшесі, 10а.

Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7 (727) 395-24-96.

Факс: +7 (727) 395-24-96.

е-mail: kgumedeu@mail.ru


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13