^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 желтоқсан 2018
 
     
 
Қоғам / КОБ-ті қолдау / Бизнестің жол картасы 2020

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауд ың негізгі қаржылық және қаржылық емес құралы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы болып табылады.

2015 жылдың басынан бастап, 2016 жылдың
5 қаңтарындағы жағдай бойынша 142 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- несиелеудің жалпы сомасы 30,936 млрд. те ң гені құрайтын 91 жоба, мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы
6,2 млрд. теңгені құрады. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 2419 бірлік;

- кепілдік беру бойынша несиелеудің жалпы сомасы
1,8 млрд. теңгені құрайтын 39 жоба, кепілдік беру сомасы 733,9 млн. теңге;

- гранттар бойынша жалпы сомасы 27 млн. теңгені құрайтын 12 жоба.

2015 жылы субсидиялау бойынша мақұлданған жобалардың салалық құрылымы үлес салмағының аса көп бөлігінің:

- өнеркәсіп (тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы) секторына - 25%;

- көлік және қоймалау - 33%;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 18%;

- білім беру - 6%;

- туризм – 4%;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 6 %;

- өнер, ойын-сауық және демалыс - 5 %;

- ақпарат және байланыс секторына - 3% тиесілі болып келетінін көрсетеді.

Жобалардың аса көп саны «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да қаржыландырылды.

Мақұлданған жобалардың аса көп саны Бостандық, Жетісу, Әуезов аудандарында іске асырылуда.

Аудан

Жобалар саны

Несие сомасы

1

Алатау

6

647 976 950 теңге

2

Алмалы

17

4 028 606 216 теңге

3

Әуезов

12

1 956 352 310 теңге

4

Бостандық

1 9

8 133 137 279 теңге

5

Жетісу

14

6 337 106 136 теңге

6

Медеу

11

4 762 236 684 теңге

7

Наурызбай

1

40 000 000 теңге

8

Түрксіб

11

5 026 540 000 теңге

Сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы
(«Жібек жолы» Бағдарламасы)

Алматы қаласының әкімдігі және «Даму» КДҚ» АҚ арасында сауда және қызмет көрсету саласындағы субъектілерді өңірлік қаржыландырудың «Жібек жолы» Бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жалпы қаржыландыру сомасы
4 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде, 2 млрд. теңгені Алматы қаласының әкімдігі және 2 млрд. теңгені «Даму» КДҚ» АҚ бөлді.

Бүгінгі күні, бөлінген сома 7 екінші деңгейлі банктерге орналастырылған. «Жібек жолы» Бағдарламасын іске асыру 2015 жылдың маусым айынан басталды.

2015 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Жібек жолы» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

- жалпы сомасы 2 186 млн. теңгені құрайтын 44 жоба қаржыландырылды;

- сомасы 657 млн. теңгені құрайтын 15 жоба мақұлданды;

- сомасы 1 240 млн. теңгені құрайтын 27 жоба қаралуда.

Мақұлданған және қаржыландырылған жобалардың аса көп саны «AsiaCredit Bank» АҚ-да орналастырыл ғ ан.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13