^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2018
 
     
 
1000-жылдық / Алматы қаласы 1000-жылдығының НЕГІЗДЕМЕСІ
2016 жылдың 10 қыркүйегінде «Дәмді Алматы» атты ас даярлау жөнінде екінші отбасылық фестиваль өтеді

2016 жылдың 10 қыркүйегінде «Дәмді Алматы» атты ас даярлау жөнінде екінші отбасылық фестиваль өтеді

«Tayniy Sovetnik Ogilvy PR Kazakhstan & CA » PR -агент тігі үстіміздегі жыдың 10 қыркүйегінде қала әкімдігінің қолдауымен « Дәмді Алматы» атты ас даярлау жөнінде фестиваль өткізеді, бұл шара мегаполистің 1000 жылдығы мен Қала күніне орайластырылған.

Аталған ф естиваль қалалықтарды көше асханасының форматымен таныстырады. Биыл шараны ұйымдастырушылар «жаңа асқа» ерекше мән береді. Шараға қатысушы мейрамханалар көпшілікке танымал дәмдерді ас мәзіріне енгізеді. Фестивальға қаланың 30 гастрономиялық жобасы енеді әрі олардың концепциялары әртүрлі. Фестивальдің басты мақсаты - дәмді тағам даярлау және өз ісіне деген сүйіспеншілік.

Фестивальда қазақ, орыс, грузин, скандинав, индия, итальяндық, испандық, азиялық тағамдар бәсекеге түседі.

«Біз қалада екінші рет «Дәмді Алматы» фестивалін өткіземіз.Басты марапат- қала тұрғындарының ризашылығы. Биыл мейрамханалар арнайы мерекелік мәзір жасайтын болады. Шараға қатысушылар асты саябақтарда даярлайды. «Дәмді аллеядан» дәм татуға келетіндердің көңілінен шығатын боламыз», - дейді «Дәмді Алматы» фестивалін ұйымдастырушы Катерина Кнауб.

Фестиваль алаңында алғаш рет кофе аумағы болады, онда латте-арттан жарыс өтеді, Қазақстанның әр аумағынан кофе дайындаушылар бәсекеге түседі

10 қыркүйекте Грузиядан келген өкілдер өз шеберліктерін көрсетеді, «Боржоми» СО өзінің «Gastroguide.borjomi.com» порталын таныстырады. Ас даярлаудан шеберлік сыныптары өткізіледі. Грузиндік шеберлер келген қонақтарға ұлттық асты дайндау тәсілдерін үйретеді. Тбилисиден біздің қалаға келген шеф-аспаз Гиоргий Иосава өзінің бар білгенін ортаға салады.

Саябақта түрлі мәдени шаралар да ұйымдастырылады. Балалар аниматорлары жұмыс істеп, фуд-фотографиядан шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Сағат 14.00 -де фестивальдің бас сахнасы үлкен ас үйге айналып, қала мейрмаханаларының аспаздары өздерінің шеберліктерін көрсетеді. Кешке қарай келген қонақтарға қазақстандық танымал өнер топтары өз концерттерін ұсынады. « Дәмді Алматы» фестивалі ҚБТУ-нің төмен жағыдағы Абылайхан- Қазыбек би және Панфилов пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында сағат 11.00-ден сағат 23.00-ге дейін өтеді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13