^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 16 шілде 2018
 
     
 
1000-жылдық / Алматы қаласы 1000-жылдығының НЕГІЗДЕМЕСІ
Алматыда «ТойҚазан 2016» атты Қазақстан халқының ұлттық асының фестивалі өтуде

Алматыдағы «Медеу» биік мұз айдынында «ТойҚазан 2016» атты Қазақстан халқының ұлттық асының фестивалі өтуде. Биылғы фестиваль Алматының 1000 жылдығына арналып, Алматы әкімдігі мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының қолдауы арқасында ұйымдастырылды.

Аталған салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов,Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев, этномәдени бірлестіктер, алматылықтар мен қала қонақтары қатысты. Келген әр адам дәмді күріштен ауыз тиді.

Шара барысында Б.Байбек «Той Қазан 2016» фестивалінің еліміздегі ұлттар бірлігін, түрлі мәдениетті айшықтай түсетінін айтты.

«Біздің халқымыз әу бастан-ақ өзінің бауырмалдығымен ерекшеленген. «Той Қазан» – бірлік пен достықтың, келісімнің мерекесі. Мен мұндай мерекелердің көпшіліктен қолдау табатындығына сенімдімін. Алматыда 2 мыңнан астам кафе мен мейрамханалар бар, олар қалалықтар мен келген туристерге түрі ас мәзірін ұсынып қана қоймай, 50 мыңнан астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде», -деді мегаполис басшысы.

Қызыққа толы бұл мәдени шара сағат 11.00 д ен 21.00 дейін созылады .

Фестиваль бағдарламасы бойынша әртүрлі тақырыпқа жеке аумақтар бөлінген, бұлардағы мейрамханалар Аллеясы, этно-ауыл,«Кітапфест» фестивалі көпшіліктің көңілінен шықты. « Шеберлер қаласында» болғандар түрі зергерлік бұйымдарды тамашалады, «Алматы – уақыт кезеңінде» аумағы қала траихынан мағлұмат берсе, балалардың спорт алаңы балдырғандарға толы болды.

Фестивальбің бас сахнасында Қазақстан халықтарының 11 этносының мәдени орталықтары өнер көрсетті, нон-стоп концерт ұйымдастырылды.

Шара аясында алғаш рет «Той қазан даусы» вокальді конкурс ұйымдастырылып, оған қатысқан 43 конкурсанттар ішінен іріктелген 10 өнерпаз «Медеу» мұз айдыны сахнасында өнер көрсетеді.

Қаланың үздік шеф- аспаздары арасында өткен конкурс барысында қазақтың ұлтты асы - бесбармақты кімнің ерекше дайындайтындығы анықталды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13