^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2018
 
     
 
1000-жылдық / Алматы қаласы 1000-жылдығының НЕГІЗДЕМЕСІ
ЮНЕСКО қолдауымен өтетін «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық Фестивалі 4-8 қыркүйек 2016 жыл, Алматы қаласы

Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен, Алматы қаласы әкімдігімен біріге отырып Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған мерейтойына орай ЮНЕСКО қолдауымен «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық Фестивалін өткізеді.

Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Жапонияның 7000 жуық жас суретшілерін жинаған жоба шығармашылық талантты жастарды дамытуға, ұлтаралық түсіністік пен қарым-қатынасты үгіттеуге, сонымен қатар аймақ мемлекеттерінің өскелең жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Алматыға әр мемлекеттен жеңімпаз атанған бес бала келді. Жоба аясында жеңімпаздарға бейнелеу және қолданбалы өнер саласында мастер-класстар, тәжірибе алмасу мақсатында достық және мәдени кештер, өз мемлекетін таныстыру және еліміздің «оңтүстік астанасына» саяхат ұйымдастырылады.

Аталмыш мерекенің қорытындысы болып жеңімпаздарды салтанатты марапаттау кеші мен ЮНЕСКО-ның тарихи маңызды күнін – Алматы қаласының 1000 жылдағын тойлауға орай шығарылған «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» мерекелік альбомынтаныстыру табылады. Іс-шара 7 қыркүйек күні сағат 16:00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді. Кеш бағдарламасында: жұмыстар көрмесі, марапаттау және концерт.

Жобаны қолдағандар : ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлер Бюросы, «ТШО» компаниясы, «Total E&P Kazakhstan», «Air Astana», «Caspian Projects Supply Company», «Samsung», «Alt Sound», «Plast Invest», «Shera Park Inn» қонақүйі және «TengriNews», «Massaget.kz» ақпараттық порталдары.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13