|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
1000-жылдық / Алматы қаласы 1000-жылдығының НЕГІЗДЕМЕСІ Алматыдағы бүкілқазақстандық жәрмеңкеге 1200 тонн адан астам бал жеткізіледі
Алматы да ХХІ Халықаралық «Апиславия» бал шаруашылығы конгрессінің аясында 15 - 17 қыркүйек аралығында бал жәрмеңкесі өтеді. Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында таңғы сағат 9 -дан бастап алматылықтар мен қала қонақтарын еліміздің барлық облыстарынан келген омарташылар күтіп, қалаға жеткізілген 1200 тоннадан астам бал өнімдерін ұсынады. Шара барысында концеттік бағдарлама жүзеге асады. « Қазақстан » қонақ үйінің холлында әлемнің 25 елінің өкілдерінің қатысуымен көрме ұйымдастырылады. Әрбір келген адам шетелдік бал өндірушілердің өнімінен дәм тата алады. Конгресстің өзі 14 -18 қыркүйек аралығында «Grand Ball Room» мейманханасында өтеді. Оның бағдарламасы да жан- жақты. Шараны ұйымдастырушылар - «Бал ара» омарташылардың Ұлттық одағы, «Апиславия» омарташылар ұйымдарының Федерациясы және Алматы қаласының әкімдігі. |
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|