^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 16 шілде 2018
 
     
 
1000-жылдық / Алматы қаласы 1000-жылдығының НЕГІЗДЕМЕСІ
Алматы тауларында спорттың экстремальді түрлерінен жарыстар өтеді

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында 9-11 қыркүйек аралығында Қазақстан мен Орта Азияда алғаш рет Алматының 1000 жылдығына орайластырылған халықаралық «Аlmaty Mount Fest 2016» фестивалі өтеді.

Фестивальдің үш күні ішінде түрлі жарыстар ұйымдастырылады, олар: альпинизмнен әлем Чемпионаты, «Kosmos UpHILL» тау велоспорты мен «Kosmos DownHILL» жарыстары, Молодежный шыңындағы (4147 м) бұқаралық Альпиниада. Жарысқа қатысушыларға танымал альпинистер шеберлік сыныптарын өткізеді. Олар - Ирен Хазарова (Ресей), Максұт Жұмаев, Мағжан Сағымбаев. Спорттың экстремальді түрлері бойынша фильмдер көрсетіліп, бард әндер тыңдалады.

Фестиваль аясында «Тау шаңғысы курорттарын дамытудың проблемалары мен перспективалары» деген тақырыпта халықаралық тау форумы ұйымдастырылады. Шара барысында жаһандық туристік нарықта Алматының алатын орны және басқа да мәселелер талқыланады.

Фестивальдің мақсаты - Халықаралық туризм нарығында Алматының беделін арттыру.

Шараны ұйымдастырушылар- «Қазақ Георгафия қоғамдастығы» мен Алматы қаласының әкімдігі.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13