^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 25 тамыз 2019
 
     
 
1000-жылдық / Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл


«Almaty Invest 2016» халықаралық форумы аясында 300 млрд. теңгенің меморандумы жасалды

Бүгін Алматыда IV Халықаралық «Almaty Invest 2016» инвестициялық форумы басталып, оған құрамында беделді саясаткерлер, инвестициялық корпорациялар, қаржы институттарының және халықаралық ұйымдардың басшылары бар 500 -ден астам адам қатысты.

Форумның жұмысын ашқан мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Алматы ның жақсы бизнес ахуалы бар жоғары инвестициялық тартымды қала екендігін атап өтті.

«Қалада 183 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорындар бар, оның 14 мыңы шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейді, 10 алматылықтың 7-і шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Алматы - бизнес пен шикізатсыз экономиканың жеке капитал қаласы, мегаполис ел экономикасының бес бөлігін береді. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан астам офистері, банктердің негізгі офистерінің 90 пайыздан астамы орналасқан. Біз диалогқа, жаңа ұсыныстарға үнемі ашықпыз. Қалада инвесторларды қолдау Орталығы жұмыс істейді, ондағы мамандар әр жобаға талдау жасайды. Алматыда қажетті инфрақұрылымдардың барлығы жасалған, әсіресе инвестициялық аухалға ерекше мән беріледі, сондықтан да біз шетелдік компанияларды өз өндірістерін осында ашуға шақырамыз», -деді Б.Байбек.

Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров Қазақстан Үкіметінің алдында тұрған басты міндет инвестициялық ахуалды жақсарту екендігін атап өтті.

«Осы ретте біз ОЭСР стандартарына жүгінеміз. Осыдан бір ай бұрын ОСЭР-дің инвестициялар жөніндегі Комитеті Қазақстанды ассоциирленген мүше ретінде комитетке шақырды. Бұл инвестициялық ахуал динамикасының жақсарып келе жатқандығын көрсетеді.Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табуда, инвестициялық ахуалдың ауқымы кең- такси жүргізушінің ағылшын тілін білунен бастап, денсаулық сақтау деңгейін жақсартуға дейін қамтиды. Келер жылдан бастап Қазақстанға 55 елдің азаматтары 30 күнге дейін визасыз кеелетін болады, ал бұл туристер легін арттырады», - деді Е.Хаиров.

Форум барысында шетелден келген қатысушыларға Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркінің» арнайы экономикалық аймағының жоғары әлеуеті көрсетілді, бұларда жапондық «Tokyo Rope» компаниясына орын бөлініп қойған.

«Бүгінгі күні біздің компанияның Жапонияда жеті зауыты, сонымен қатар ҚХР, Вьетнам мен АҚШ-та бірнеше өндіріс орындары бар. ТМД нарығына қатыса отырып, біз үлкен әуелетке ие болдық. Өндірісті өзге жерге көшіру сөз болғанда, бірден Алматыны таңдап, осында зауыт аштық. Өйткені, қаланың аумағы кең, ел саяси және экономикалық жағынан тұрақты. Көпшілік болып қолға алу арқасында өндірісті төрт ай ішінде іске қостық. Зауыттағы қондырғылар әлемде қайталанбайды. Біздің жүзеге асырған істеріміз өзге компанияларға үлгі болып, олар Қазақстан нарығына еш ойланбастан батыл түрде енеді деп ойлаймын», - деп атап өтті өзінің сөзінде Tokyo Rope MFG бірінші вице- президенті Казунори Сато.

IV Халықаралық «Almaty Invest 2016» инвестициялық форум аясында 300 миллиард теңгенің 53 меморандумы жасалды.

Алматы қаласының Ауылшаруашылық басқармасы «Немецкий двор» ЖШС-пен «Органикалық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға келісім жасады. Сонымен қатар, май өнімдерін шығаратын комбинатты модернизациялау үшін «Eurasian Foods Corporation» ЖШС пен «Масло-Дел»ЖШС, Алматы апортын отырғызу және сорттау желісін жасау үшін «Apple World»ЖШС, «ЭФКО Алматы» ЖШС пен келісімге қол қойды.

«Алматының индустриалды аймағы» ЖШС жылыжай кешенін салу және қапталған көкөніс өндіру үшін «Bioteera» ЖШС, оргтехника картриждерін шығаратын зауыт салу үшін «DOC Co. LTD» ЖШС, зауытты көшіру және скотчтар мен стрейч пленкаларын өндіру үшін«KazTigerTape» ЖШС, медициналық препараттар шығаратын зауыт салу үшін «Medical House «Akzhol» ЖШС, әйелдердің гигиеналық заттарын шығаратын зауыт салу үшін «LS products» ЖШС, дайын металл бұйымдарын шығароу үшін «MetallPromGroup» ЖШС, фармацевтикалық зауыт салу үшін «Medical Union Pharmaceuticals» ЖШС мен келісім- шарттар жасалды.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Алматы қаласында франчайзинг нарығын дамыту және бірігіп жұмыс істеу мақсатында қазақстандық және ресейлік франчайзинг ассосацияларымен, Алмаарасан қойнауында көпфункционалды кешен салу үшін «Алгабас и К» ЖШС, бизнес орталық пен бұрыннан бар қонақүйді кеңейту үшін «SALEM Hotel management» ЖШС, Көктөбеде мейрамхана салу үшін «Меркур Холдинг» ЖШС, Медеуде көпфункционалды кешен салу үшін «SADU Development» ЖШС, бизнес орталық салу үшін «Алатау Инвест» ЖШС, «MagnumCash&Carry» гипермаркетін салу үшін «Magnum Cash&Carry» ЖШС, «ForumAlmaty» ОСО салу үшін «А-ТА СТРОЙ» ЖШС, «OBI» гипермаркетін салу үшін «ASADELDIYALMATY-1» ЖШС, сауда және ойын- сауық орталығын салу үшін «Национальная агропромышленная корпорация» ЖШС, сауа орталығының екінші кезегін салу үшін «Moskva Metropolitan» ЖШС келісім жасалды.

Туристік саланы дамыту барысында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Novotel» қонақүйін салу үшін «Alterra Inn» ЖШС, «Hilton», мейманханасын салу үшін «Абли Курылыс»ЖШС, «Tour Media Systems» ЖШС қонақүй салу және бірігіп workshop өткізу үшін The Silk Road (China) ЖШС келісім шарттарды жүзеге асырды.


Бостандық ауданында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті

2016 жылғы 12 желтоқсанда Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Б.Н. Торғаевтың және ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Әжібаевтың қатысуымен салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті. Іс-шараға аудан активі, қоғам қайраткерлері, құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары, ЖОО, АООО басшылары, мектеп директорлары мен оқытушылары, бас дәрігерлер және жастар қатысты.

Салтанатты жиында тұрғындарды аудан әкімі Б. Торғаев және вице-министр А. Әжібаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

Осы ретте, аудан басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан және өз жұмысындағы жоғары кәсібилігін танытқан азаматтарды грамоталармен және алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты жиынның соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуындағы үлкен мерекелік концертпен жалғасты.


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2016 жылғы 1 желтоқсанда сағат 11.00-де Республика сарайының алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өткізіледі. Осы айтулы күн шеңберінде 1991 жылы 10 желтоқсанда өткізілген тарихи оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірінші инаугурациясын есте қалдыру мақсатында ескерткіш тақтасының ашылу рәсімі ұйымдастырылады.

Мерекеге Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар, қала тұрғындары мен жастар қатысады.

Іс-шара барысында Алматы қаласының әкімі қаладағы 7 көшенің атауына жаңа есімдердің берілуі туралы жариялайды.


Түркісіб ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті

2016 жылғы 10 желтоқсанда №6 Оқушылар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімі В.Н. Устюгов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі А.Ғ. Әжібаев, аудан тұрғындары, жоғары және орта арнаулы оқу орындары, аудандық қызметтер басшылары, «Нұр Отан» партиясының Түркісіб аудандық филиалының өкілдері, Ауған соғысы, Чернобыл АЭС апатының ардагерлері, этномәдени бірлестіктер, діни бірлестіктер, білім беру, денсаулық сақтау өкілдері және жастар қатысты.

Салтанатты жиында аудан әкімі В.Н. Устюгов Тәуелсіздік жылдарындағы Түркісіб ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және вице-министр А.Ғ. Әжібаев еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері туралы баяндама оқыды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында фото және сурет көрмесі, «ел Тәуелсіздігі – Қазақстанның гүлденуінің негізі» тақырыбында видеофильм көрсетілімі, аудан әкімінің аудан активі мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріне грамоталарды салтанатты тапсыруы ұйымдастырылды.


Алатау ауданында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті

2016 жылғы 12 желтоқсанда «Алатау» дәстүрлі өнер театырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Б. Мәнізоров, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Т. Тоқтабаев, мемлекеттік органдар басшылары, мектеп директорлары мен оқытушылары, бас дәрігерлер мен медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктер, ҮЕҰ өкілдері, 1986 жылғы «Желтоқсан» қатысушылары, ҰОС ардагерлері және жастар қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Б. Мәнізоров тұрғындарыды ел тәуелсіздігі мерекесімен құттықтай келе, ауданда қызмет ететін, өз саласында елеулі жетістіктерге жеткен және ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медальімен марапаттады. Сондай-ақ, аудан әкімінің алғыс хатымен медицина, ішкі істер, прокуратура, коммуналдық шаруашылдық сала қызметкерлерін және ауданның сайлау коммиссиясының төрағаларын марапаттау ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, салтанатты жиынды вице-министр Т. Тоқтабаев еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері туралы баяндама оқыды.

Осы ретте, салтанатты жиынның соңы «Салтанат» би ансамблінің, «Отырар сазы» оркестрінің және қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.


Алматыда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды ұлықтайтын ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Қазақ ССР-інің бұрынғы Үкімет үйі (ҚБТУ) қабырғасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды ұлықтайтын ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, қаланың құрметті азаматтары, тұрғындар мен жастар және тарихи құжатты қабылдағандар өкілдері қатысты.

Олар – 12 шақырылымдағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Сұлтан Сартаев, Нығмет Жотабаев, Эрик Гукасов, Оразалы Сабденов, Ораз Баймұратов, Есентай Тәжиев, Петр Крепак. Бұлардың барлығы - тәуелсіздік бастауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевпен бірге болғандар және ұлы әрі тарихи кезеңнің шынайы куәгерлері.

«Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен көп ұлттар достық пен келісімде тұрып жатқан Алматы қаласы 1000 жылдығының қатар келуінің символикалық мәні бар. Мен барлық қазақстандықтарға денсаулық, бақытты өмір тілеймін, республикамыздың аспаны қашанда ашық болсын. Біздің Қазақстанымыз бақытты адамдар өмір сүретін тұтас, қайталанбайтын мемлекетке айналсын», - деп атап өтті өзінің сөзінде КазССР Жоғарғы Кеңесі президиумы төрағасының бұрынғы орынбасары, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова.

Ал, жастар атынан сөз алған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, киноактер, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты – Асылхан Төлепов өз сөзінде болашақтың кілті – жастарда екенін тағы бір дәлелдеді:

«Елбасының «Болашақ – жастардың қолында» деген сөзі үнемі жадымда. Халқымызда «Болар бала он бесінде баспын дер, болмас жігіт отызында жаспын дер» деген қанатты сөз бар. Тарихымызға көз салсақ, ата-бабаларымыз қаршадайынан атқа қонып, ел қорғаған. Тәуелсіздік жолында ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күрескенін біз білеміз. Өздеріңізге белгілі, «Жаужүрек мың бала» фильміндегі мен сомдаған Сартай батыр соның айқын дәлелі. Қазір білекпен емес, біліммен өлшенетін заманда бүгінгінің Сартайлары, яғни біз – жастар, біліммен қаруланып, еліміз үшін аянбай еңбек етуіміз қажет».


Жетысу ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті

2016 жылғы 10 желтоқсанда №148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Іс-шара ға аудан әкімі Т. Разақов, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Т. Тоқтабаев, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен өкілдері, мемлекеттік органдар басшылары, оқытушылар мен жастар қатыс ты .

Салтанатты жиында тұрғындарды аудан әкімі Т. Разақов және вице-министр Т. Тоқтабаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

Іс-шара барысында кітап көрмесі және ауданның қоғамдық-саяи өміріне белсене араласқан және аудан дамуына үлес қосқан азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапттау ұйымдастырылды.


Әуезов ауданындағы Тәуелсіздік күні мерекесі

2016 жылдың 13 желтоқсанында Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Н.Сац атындағы театрда Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шараға Әуезов ауданының әкімі А.Рақымбетов, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Т. Тоқтабаев, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, аудан активі, аудан тұрғындары, желтоқсандықтар, жастар қатысты.

Шара барысында сөз алған Әуезов ауданының әкімі А.Рақымбетов жиналғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіздікті баянды ету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды, мекеме басшыларын, ПИК төрағаларын, медицина, білім саласы қызметкерлерін Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлық медалімен және аудан әкімінің Құрмет грамотасымен алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, Әуезов ауданының тұрғындары мен қонақтарын ең басты мерекемен вице-министр Т. Тоқтабаев құттықтады.

Концерт барысында аудан тұрғындарына Қ.Бекіш, Б.Шадаева, Е.Жақсыбеков және Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрі, «Салтанат» би ансамблі, «Алаш ұлы» топтары және аудан өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.


Алматыда халықаралық «Ұлы Дала елі» атты жыр кеші өтті

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлы Дала елі» атты жыр кеші өтті. От ауызды, орақ тілді дүлдүл ақындардың басын біріктірген бұл шара бұрынғыдан өзгерек. Оған Алмас Алматов, Амандық Көмеков бастаған жыршы-термешілермен қатар, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркімен, Қарақалпақ, Ноғай елдерінің талай ақынды бет қаратпаған жыршылары қатысты. Бабалар дәстүрін жалғаған, Тәуелсіздікке жыр арнаған сазды кешке Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтап келді. Кеште «Елібайдың сөз басы», Наурызбектің «Әнес сақаба», Майлықожаның «Ата-ананың қадірі» термесі, Бұхар жыраудың «Абылайға Бөгенбайдың өлімін естіртуі», Қарасақал Ерімбеттің «Айтамын сөздің төтесін» сынды толғау-жырлары, Жамбылдың «Домалақ ана» дастаны орындалады. Жыр да, жыршы да түркі халықтарының мәдениетінде ерекше орын алады. Әсіресе, суырып салма жыраулар қай заманда болмасын халықтың зор ықыласына бөленген. Жыраулық дәстүрді қалыптастырған бабалардың көзі кетсе де, сөзі ұрпаққа мәңгі мұра боп қалды. Бүгінде жыраулық мектепті жалғастырып жүрген башқұртстандық өнерпаз Рамиль Гайзуллин, өзбекестандық Мухаммад Эшбоев, қарақалпақстандық Жәнібек Пиязов, қырғызстандық Азиз Бимырзаұлының орындауындағы дастандар мен жырлар ұлттық өнерге шөліркеген халықтың көңілін қуантты. Мұндай азаматтар барда дәстүр жалғаса бермек.


Халықаралық «Евразия барысы» турнирі «Алматы Аренада» өтуде

Оңтүстік астанадағы 12 мың орынды Мұз сарайы «Алматы Аренада» Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұлттық жарыс - «Қазақ күресінен» халықаралық турнир өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында салауатты ұлт пен ұлттық спорт ойындарының кеңінен насихатталып жатқандығын атап өтті. «Мемлекет басшысы қазақстандық спортты, соның ішінде оның ұлттық түрлерін дамыту керектігін жиі айтады. «Евразия Барысы» сынды спорттық шаралар халықтың рухын көтеріп, спортшыларға күш сынасуға әрі ел намысын қорғауға мүмкіндік береді», - деді мегаполис басшысы. Бүгінгі алқалы жарысқа 8 елдің 70 -тен астам палуаны қатысуда, олар - Грузия, Монғолия, Польша, Ресей, Тәжік, Украин, Өзбек және Қазақстан спортшылары. Әр команда құрамы төрешіден, жаттықтырушыдан, сегіз палуаннан тұрады. Спортшылар мына салмақтарда күш сынасады: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және одан жоғары кг. Жарысқа қатысушалырдың жасы 18-ден жоғары әрі өз елдерінің азаматтары. «Евразия барысының» жүлделік қоры - 20 млн. теңге. Жеңімпаз 10 миллион теңге, екінші орынға алты миллион, үшінші орынға төрт миллион қарастырылған.


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Ана тілім – ән-жырым» атты қалалық байқау өтеді.

Іс шараның мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету.

Байқау ән, терме, көркемсөз жанрындағы «Сұлу сазды әсем ән», «Толғауы терең жыр-терме», «Мағыналы ойлы көркемсөз» атты үш номинация бойынша өткізіледі.

Қатысушылар Отан, қазақ елі, ана тілі, Тәуелсіздік, достастық пен ынтымақтастық тақырыбындағы ән, термелерді орындап, өлеңдер оқиды.

Байқауға вокалшылар, көркемсөз оқу өнерін меңгерген терме орындаушылары қатыса алады.

Жеңімпаздарға, жүлдегерлерге және қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталады.

Өтетін орны: Жетісу ауданы

әкімдігінің мәжіліс залы

(Серіков көшесі, 2А)

Өтетін уақыты: 2016 жылғы 2 желтоқсан,

сағат 14.00-де

Байланыс телефоны: 263-15-27.


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Мемлекеттік тіл саясаты – қазақстандықтардың бірігуінің факторы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Іс-шараның міндеті мен мақсаты:қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.

Конференцияға тіл білімінің белгілі ғалымдары, қазақ тілінің оқытушылары, жергілікті атқарушы органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері мен тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды.

Конференцияның барлық қатысушыларына қатысқандығы туралы сертификаттар беріледі.

Өтетін орны:Қазақ мемлекеттік қыздар

педагогикалық университеті

(Гоголь көшесі, 114)

Өтетін уақыты: 2016 жылғы 29 қараша, сағат 10.00-де

Байланыс телефондары: 263-15-27, 263-13-32


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2016 жылғы 29 қарашада сағат 16.00-де Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық төртінші патриоттық форумы өтеді.

Студенттік жастар форумының мақсаты жастардың жоғары патриоттық түсінігін дамытуға, өз елі үшін мақтаныш сезімін арттыруға және Қазақстан болашағына деген азаматтық және әлеуметтік жауапкершіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Форум аясында бір ай көлемінде « Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жоба, « Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламынатты студенттік эссе, « Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығарма, « Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы бойынша студенттік жұмыстар қабылданды. Форумның бас жүлдесі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жылдық тегін білім алу гранты. Конкурсқа қатысуға еліміздің 70 жоғары оқу орнынан 1500 –ден астам студент өтініш білдірген.

Биылғы жылы «Мен жастарға сенемін!» төртінші республикалық патриоттық студенттік форумының ақтық байқауына Қазақстанның 14 облысының 63 оқу орнынан 400 үміткердің жұмысы таңдалды.

Анықтама үшін байланыс телефоны: 377-31-48


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2016 жылы 29 қарашада Алматыда ҚР Президенті мұрағатының конференц-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай«Елбасының мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі»тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияға ғалымдар мен зерттеушілер, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері, жетекші заңгер-ғалымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары, PhD докторанттары мен магистранттар қатысады.

Іс-шара барысында егеменді Қазақстан Республикасында Президент институтының қалыптасуы мен дамуы, Президент институтының қазақстандық моделі: ерекшеліктері, тарихи мәні және болашағы, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуі жолындағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі, Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік және Елбасының көшбасшылық қайраткерлігі тақырыптары конференция жұмысына арқау болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, конференц-зал, (Достық даңғылы, 87 б)

Өтетін уақыты: 2016 жылғы 29 қараша сағат 11.00-де.


«Болашағымыз бірлікте! Вместе сильнее!» тақырыбында Алматы қаласының Х Азаматтық форумы өтті

2016 жылғы 22 қарашада BEST WESTERN PLUS Атакент Парк қонақүйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Болашағымыз бірлікте! Вместе сильнее!» тақырыбында Алматы қаласының Х Азаматтық форумы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара байланысының жаңа үлгісін талқылау болып табылады. Диалогтық алаңның жұмысы барысында өзара бірлескен әрекеттердің ұсыныстары мен жоспарлары әзірленді.

Х Алматы Азаматтық форумына мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен орынбасарлары, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы мен мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.

Форум аясында «Өрлеу-2016» конкурысының және әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің лауреаттарын салтанатты марапаттау ұйымдастырылды.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гим нін жатқа айту бойынша конкурс

2016 жылдың 22 қарашада «Меga Аlма-Ata» сауда орталығының алдында орналасқан «Амфитеатр» алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Тұрғындар арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін білу бойынша шағын конкурс» атты салтанатты іс-шара өтті.

Конкурс барысында тұрғындар арасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін жатқа білетін азаматтар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, шара соңында ортаға мемлекеттік Ту шығарылып, жиналған тұрғындар ҚР Мемлекеттік Гимнін орындады.


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2016 жылдың 22 қарашада сағат 12.00-де «Меga Аlма-Ata» сауда орталығының алдында (Розыбакиева көш. 247а,) орналасқан «Амфитеатр» алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Тұрғындар арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін білу бойынша шағын конкурс» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылады.

Конкурс барысында тұрғындар арасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін жатқа білетін азаматтар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Сонымен қатар, шара соңында ортаға мемлекеттік Ту шығарылып, жиналған тұрғындар ҚР Мемлекеттік Гимнін орындайды.


БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2016 жылғы 21 қараша сағат 11.00-де Достық үйінде (Алматы қаласы, Құрманғазы к-сі, 40) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының негізгі заңын оқу арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

Негізгі міндеттер:

- Көп этникалық, көп мәдениетті, көп конфессиялы мемлекет ретінде Қазақстанға деген мақтаныш сезімін жоғарылату;

- Жас ұрпақта азамат ретінде өзін-өзі анықтауда, мемлекетте өзін-өзі танытуда белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға жағдай жасау;

Қоғам мен мемлекет өміріндегі адами-құқықтық басқаруды түсіну мен қабылдау негізінде жастарды саналы түрдегі мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Акцияны ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қалалық хатшылығы;
  • Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КМК;
  • Алматы қаласы Достық үйі.

Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

2016 жылғы 18 қарашада Тұран университетіндеҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай«Жетістікке өз жолыңды баста!» атты университет түлектері мен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларына, сонымен бірге барлық жұмыс іздеген азаматтарға арналған жалпы қалалық жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге 100-ден астам ірі және орта кәсіпорындар қатысты. Жұмыс берушілер қатарынан: «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ, «АХБК-Қарғалы» ЖШС, «Қалалық клиникалық аурухана» ҚКА, «Био Нан» ЖШС, «Рамстор Казахстан» ЖШС, медициналық, қаржылық мекемелер және басқа да компаниялар 600-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге келген азаматтар «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы, «Жастар тәжірибесі», әлеуметтік жұмыс орындары жөнінде кеңестер алды.

Жұмыс іздеушілерге көмек ретінде жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімдерінің қызмет бағыттары жөнінде буклеттер мен парақшалар үлестірілді. Жәрмеңкеге 500-ден астам жұмыс іздеуші қатысты.


Бос жұмыс орны жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылғы 17 қарашада Алатау аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданы әкімдігінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты – ауданның әлеуметтік ахуалын жақсарту, еңбек нарығындағы жұмыссыздардың санын төмендету, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету.

Жәрмеңкеде 154 жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс іздеген 70-ке жуық азамат қатысты. Кәсіпорынның жұмыс беруші өкілдері жұмыс іздеушілермен сұхбаттасып, жұмысқа қабылдау шарттарын түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімдеріне жұмысқа жолдамалар туралы буклеттер және парақшалар тарқатылды. Жұмыс берушілер ішінде: «Арша», «Айша», «Ақбота» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сияқты ірі мекемелер қатысты.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флеш-моб

2016 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, «Халықаралық студенттер күніне» орай Қазақ қатынас жолдары университетінде флешмоб өтті.

Аталған шараның басты мақсаты жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту.

Іс-шараға студенттер, жастар ұйымының белсенділері қатысты. Шара барысында ұлттық билер, сондай-ақ қазіргі жанрдағы «қара жорға», хип-хоп және тағы да басқа би түрлері орындалды.


Ұлттық валюта күнін мерекелеуге орай іс-шара өтті

2016 жылғы 15 қарашада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында Алматы қаласының әкімі Б. Байбектің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы  Д.Акишевтің қатысуымен Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараға қаржы құрылымының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Шара барысында танымал орындаушылар - Майра Мухамедқызы, Төлеген Рахымбаевтың, Болат Букеновтың және халықаралық конкурстардың лауреаттары - Венера Алпысбаеваның, Нұржан Бажекеновтың, Ерболат Ахмедияровтың, Фархад Буриевтің және басқа да әртістердің қатысуымен мерекелік концерт болды.

Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің, А.Жұбанов атындағы музыкалық мектептің домбыра ансамблі, «Ақ тілек» ұлдар хоры, К.Байсеитова атындағы музыкалық мектептің сыбызғышылар ансамблі және симфониялық оркестрінің өнерлері көрсетілді.


2016 жылғы 5 және 6 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласында Алматы қаласының Күндері өтті

5 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» мультимедиялық көрмесі мен Алматы туралы фотокөрменің ашылуы өтті. Іс-шара барысында мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігіміздің қайнар көзін сипаттайтын Алматы тарих музейі қорынан экспонаттар ұсынылды. Көрме 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Осы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазіргі танымал ақындардың жастармен кездесуі ұйымдастырылды, олардың арасында Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжанов және т.б. бар.

Сондай-ақ, «Қазақстан» ОКЗ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Алматы қаласы әкімінің Эстрада-симфониялық оркестрі мен Айқын Төлепбергенов, Луина, Димаш Құдайбергенов, Диана Шарапова, Әли Оқапов, «МузАРТ», «Қоңыр», «Кеш You» «Жігіттер», «Сарын» және «Ринго» топтары сынды Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі»атты гала-концерт өтті.

6 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Нұржан Жанпейісов, Талғат Әбуғазы, Айгүл Қосанова, Шолпан Даржанова, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев секілді дәстүрлі өнер орындаушыларының қатысуымен«Мәңгілік мұрат» атты концерт өтті.

Сонымен қатар, 5 және 6 қарашада Алматы Мемлекеттік қуыршақтар театры астаналық Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклінің қойылымын және балаларға арналған «Қуыршақтар думаны» мерекелік спектаклін ұйымдастырды. Сондай-ақ театрдың фойесінде қуыршақтар көрмесі ұйымдастырылды.


Астана қаласындағы Алматы Күндері шеңберінде бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

5 қараша күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты мультимедиялық көрмесі мен Алматы туралы фотокөрменің ашылуы өтеді. Астана жұртшылығына мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігіміздің қайнар көзін сипаттайтын Алматы тарих музейі қорынан экспонаттар ұсынылады. Көрменің мультимедиялық контентін Жетісуға және көне дәуірден осы уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын алғашқы қазақстандық мегаполиске арналған бірегей тарихи суреттер құрайды. Сондай-ақ көрмеде Алматы қаласы бойынша 3D тур ұсынылады. Астана қонақтары мен тұрғындары қаланың танымал, мәдени, маңызды нысандарымен таныса алады. Көрме 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

5 және 6 қарашада Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасына қарасты Мемлекеттік қуыршақтар театры Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклінің қойылымын, сондай-ақ «Куклы шоу» мерекелік спектаклін ұйымдастырады. Театрдың фойесінде екі күн бойы театр ұйымдастырған «Қуыршақтар көрмесі» өтеді

.5 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Астана қаласының оқырмандарымен танымал ақындардың кездесуі өтеді, оған Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжанов және т.б.қатысады.

Дәл осы күні сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, Алматы қаласы әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты гала-концерт өтеді. Концертке Айқын Төлепбергенов, Луина, Димаш Қудайбергенов, Диана Шарапова, Әли Оқапов, «Мұзарт», «Қоңыр», «КешьЮ» «Жігіттер», «Сарын» және «Ринго» топтары қатысады.

6 қараша күні сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім Сарайында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Нұржан Жанпейісов, Талғат Әбуғазы, Айгүл Қосанова, Шолпан Даржанова, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев секілді дәстүрлі өнер өкілдерінің қатысуымен «Мәңгілік мұрат»атты дәстүрлі музыка концерті өтеді.


Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында Мүгедектер күніне арналған «ДОСТЫҚ» фестивалі өтеді

2016 жылғы 31 қазан сағат 10.00-де Мемлекеттік қуыршақтар театрында (Алматы қаласы, Пушкина көшесі, 63) Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында Мүгедектер күніне арналған «ДОСТЫҚ» фестивалі өтеді.

Фестивальге қатысушылар: Этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары және мүмкіндігі шектеулі жандар.

Қосымша ақпарат: 1988 жылы Алматы қаласында мүгедектігі бар жандар аудандық және қалалық атқарушы комитет басшылығының қолдауымен мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдар ашып, біріге бастады.

28 жыл көлемінде мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын және қоғамға бейімделуін жақсарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Ұйымдастырушылар:

  • Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы;
  • Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келiсiм» КММ;
  • «Шарапат» мүгедек жастар ұйымы;
  • Медеу аудандық Ерікті мүгедектер қоғамы.

«Абай көшесі күніне» арналған мереке

 2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Республика Сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда «Абай көшесі күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.

Көше күні мерекесін тойлаудың негізгі мақсаты - жастарды рухани адамгершілік пен әсемдікке тәрбиелеу, әрбір аудан тұрғынының көңіл-күйін көтеру және мереке сыйлау, туған қала мен ауданның тарихы туралы білімін толықтыру.

Аталған шара аясында қолданбалы шығармашылық шеберлерінің жұмыс жәрмеңке-көрмесі, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен музыкалық-сауықтыру бағдарламалары, ұлттық спорт түрлерінен ойындар және мерекелік сауда ұйымдастырылды.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өткізіледі.

2016 жылғы 31 қазанында сағат 16-00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласы әкімінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өткізіледі.

Әлеуметтік жұмыскерлер күні 2011 жылдан бастап кәсіби мерекелердің ресми тізіміне енген және қазан айының соңғы жексенбісінде мерекеленеді.

Шараны ұйымдастырушы – Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қалалық әкімдіктің ірі құрылымының бірі болып табылады. Басқарма жанында Жұмыспен қамту орталығы және 9 медико-әлеуметтік мекемелер қызмет атқарады. Басқарма әлеуметтік қызметтің 40-қа жуық түрін көрсетеді, оның ішінде әлеуметтік төлемдермен, жәрдемақылармен қамтамасыз ету және көмек көрсету.

Іс-шара бағдарламасында келесі шаралар қарастырылған:

-  басқарманың әлеуметтік қорғау қызметінің және Басқармаға қарасты мекемелердің ардагерлерін құттықтау;

-  қызметкерлерді ведомствалық марапаттармен – «Әлеуметтік – еңбек саласының Озаты» белгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің, Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттау;

-  мерекелік концерт.


Әуезов ауданында алғашқы инвестициялық форум өтті

2016 жылғы 28 қазанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукенов пен аудан әкімі А.Рақымбетовтың қатысуымен «Altyn Kargaly» шипажайында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Көріктендіру және сәулет» тақырыбында «Auezov Invest Forum-2016» атты алғашқы инвестициялық форум өтті.

Аталған форумның мақсаты – экономика дамуын ынталандыратын маңызды бизнес ақпараттармен алмасатын алаң құру.

Форум жұмысына сәулетші, Қазақстан дизайнерлер одағының президенті Т.Сулейменов, «Grand Park Almaty» сауда-сауық орталығының басшысы  Ғ.Бейсенбаев, «OBI» гипермаркетінің бас директоры Н.Әбдікәрімов, журналист, «Хабар» телеарнасының «Бизнес жаңалықтары» бағдарламасының жүргізушісі, экономика шолушысы И.Сахар, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнес қоғамдастығы мен инвестициялық компаниялардың өкілдері және т.б. қатысты.

Форум барысында А.Рақымбетов Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша мәлімет берді. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде негізгі капиталға қала бойынша инвестицияның 10,6 %-ды құрайтын, 35,5 млрд. теңге кіріс кірді. Аудан аумағында 19 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын орналасқан. Жылдың басынан 62,9 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты өнім индексі 99,0% құрады», - деп, ол салық түсімі мен аудан аумағын көріктендіру бойынша атқарылған жұмыс туралы айтып өтті.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында инвестицилық форумы өтеді

2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Әукенов пен аудан әкімі А.Е. Рақымбетовтың қатысуымен «Көріктендіру және сәулет» тақырыбында Әуезов ауданының алғашқы инвестицилық форумы өтеді.

«AuezovInvestForum 2016» мақсаты – экономиканың дамуын ынталандыратын маңызды бизнес ақпаратпен алмасатын алаңды құру.

Форумның басты тақырыбы болып Әуезов ауданының көріктендірілуі мен сәулеті, экономикалық дамуы, бизнесті жүргізу және дамыту болашағын талқылау болып табылады.

Іс-шара барысында ауданның инвестициялық климатын жақсартуға инвестордарды тарту бойынша бірқатар кездесулер мен бизнес пікір сайыстар өтеді.

 Күні: 28.10.2016 ж.

Уақыты: сағ.10.00-де

Орны: «Altyn Kargaly»мейманхана-шипажайы

               (Таугүл-3 ш/а., Жандосов көш., 204)


Спорттың халықтық –ұлттық түрі бойынша Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жарыс

2016 жылғы 26 қазанда Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-дене шынықтыру сауықтыру клубы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің              25 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған №115 жалпы білім беру мектебінің оқушыларымен және тұрғындар арасында халықтық-ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен спорттық іс-шаралар өткізеді. Жарыстың ашылу рәсіміне Желтоқсан оқиғасының қатысушылары шақырылады.

Жарыс бағдарламасында «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Тымақ ұру», «Гір тасын көтеру», «Қол күресі», «Арқан тарту», «Дартс», «Бұқа тартыс» және т.б сайыс түрлері ұйымдастырылады. Спорттық іс-шарада 200-ге жуық қатысушы болады.

Спорттық іс-шара Алматы қаласы Түріксіб ауданының №115 жалпы білім беру мектебінің спорттық алаңында өткізіледі.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы жүлделермен және мадақтама қағаздарымен марапатталады.


Әлемдік балет жұлдыздары Яна Саленко мен Сёмен Чудин Алматыда өнер көрсетеді

30 қазанда сағат 18:00-де Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұйқыдағы ару» атты балет спектаклі өтеді. Мұнда басты партияларды Берлиндік балеттің прима-балеринасы Яна Саленко және Ресей Үлкен театрының Премьері Семён Чудин орындайды.

Жоба «World ballet stars in Kazakhstan» әлем жұлдыздарының қатысуымен өтетін спектакльдердің топтамасына кіреді және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

«Ұйқыдағы ару» аңызға айналған балет-феериясы – 1890 жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық Мариин театрының сахнасында тұңғыш рет жарқыраған классикалық балет өнерінің інжу маржаны, үшінші жүзжылдық бойы әлемнің ең үздік балет труппаларының репертуарларын көркейтуде.

Билеттер театр кассасында қолжетімді.

Касса телефоны: +7 (727) 272 7934


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің халықаралық кинофестивалі өтті

2016 жылғы 24-28 қазан аралығында «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің Халықаралық кинофестивалі өткізілді. Фестивальдің ерекшелігі жас кинорежиссерлар мен студенттердің фильмдерін дамытуға ықпал етеді. Фестиваль өз бағдарламасын халықаралық қазылар алқасының, құрметті қонақтардың және іс-шараны ұйымдастырушылардың қатысуымен баспасөз конференциямен ашты.

«Бастау» 6-шы Халықаралық кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі 24 қазанда Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен жылғы грант-жеңімпазы, режиссер Лейла Тогастың «Песнь Мариям» фильмінің көрсетілімімен өтті.

Фестивальдің бағдарламасында студенттік жұмыстардың көрсетілімі, шақырылған ректорлар мен киномектептер басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел, танымал ресейлік әртіс Анна Горшковамен шығармашылық кездесу, кино жүргізу, авторлық құқық, режиссура, фестивалді алға ілгерілету және т.б. бойынша шеберлік сабақтары болды. Фестивальдің соңында халықаралық киномектептер қауымдастығына жаңа мүшелер қабылдау туралы меморандумға қол қойылды.

28 қазанда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Бастау» кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі және фестивальдің жеңімпаздарын марапаттау өтті.


«Транспорт, логистика, складирование» тақырыбында «Түрксіб Инвест 2016» бірінші инвестициялық форумы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 7 қазанда «Grand Erbil» қонақ үйінде Түрксіб ауданының «Түрксіб Инвест-2016» бірінші инвестициялық форумы өткізілді.

Форумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Әукенов, Түрксіб ауданының әкімі В.Н. Устюгов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.П. Исахов, шетелдік инвесторлардың, ірі және орта өндірістік кәсіпорындар, дамудың қаржы институттары, БАҚ өкілдері және блогерлер қатысты.

«Хюндай Авто Транс» ЖШС және «Аллюр Авто» ЖШС компанияларының автотехникалық көрмесі, ауданның өндірістік кәсіпорындарының таныстырылуы өтті.

Шара барысында аудан әкімі Түрксіб ауданының инвестициялық әлеуеті, өндіріс көлемі 6,5% өскендігі жөнінде, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының 12 нысанына, 5 спорттық алаң құрылысына, 20 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын жөндеуге жеке инвесторлардың жұмылдырылғандығын айтты.


«Қызмет көрсету және туризм» тақырыбында алғашқы «Medeu Invest 2016» инвестициялық форумы

2016 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің   25 жылдығы аясында «Қызмет көрсету және туризм» тақырыбында  «Medeu Invest 2016» инвестициялық форумы өтті.

Аталған іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукенов, Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, Алматы қаласы аудандарының әкімдері мен Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері, шетелдік инвесторлар және ауданның кәсіпкерлері қатысты.

Форумның басты мақсаты отандық және шетелдік инвесторларды аудандағы туризм мен қызмет көрсету саласындағы ірі жобаларға тарту болып табылады.

Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы туризм және ішкі байланыс басқармаларымен және «Maqan hotel» қонақ үйімен инвестицияларды тарту жайындағы меморандумдарға қол қойылды.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56