^ жоғары
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

  • Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласының 2016 - 2020 жылдарға арналған әлеуметтік- экономикалық дамуының болжамы

Алматы қаласының 2016 - 2020 жылдарға арналған әлеуметтік- экономикалық дамуының болжамы

Алматы қаласының 2016– 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілгенәлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес әзірленген.

Болжам Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне бағытталған. Оны әзірлеу кезінде: өткен кезеңдегі Алматы қаласының дамуына ең көп әсер ететін динамика, факторлар, сондай-ақ бәсекелестік басымдықтар және оларды іске асыру қаланың экономикалық өсу аймағы ретінде тұрақты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретіні ескерілді.

1. Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы сипаттамасы

Алматы қаласы –Тянь-Шанның солтүстік жотасындағы Іле Алатауы тауының солтүстік бөктерінде, республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан елдің ірі қаласы.

Алматының көлемі 683,5 шаршы километрді құрайды. Алматы әкімшілік жағынан сегіз ауданға бөлінген: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай,Түрксіб.

Алматы ірі демографиялық және еңбек әлеуетіне ие: халқының саны 1,6 млн. адамды немесе республика тұрғындарының жалпы санының 9,4% құрайды.

Алматы қаласының Жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі - ЖӨӨ) көлемі 2014 жылы 8 153,9 млрд. теңгені, 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 7,2% өскен. ЖӨӨ көлемі бойынша Алматы ел өңірлерінің арасында бірінші орынға ие. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨАлматы қаласының үлесі 20,9% құрады.

ЖӨӨ салалық құрылымда мына салалар басым: сауда (33,5%), қызметтер (29,7%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,3%), көлік және байланыс (12,5%).

Өнеркәсіп үлесіне -5,8%, құрылысқа-3% келеді.

Алматы инвестициялық тартымдылығыжоғары қала болып табылады: шикізат өңірі емес, негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі бойынша жалпы республикалық көлемде алдыңғы орында.

Алматы сауда қызметінің республикалық көлемінің 43,1%-ын көрсетеді, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз ету үшін заманауи инфрақұрылымы бар.

Алматы қаласы елдің туристік индустрия саласында алдынғы орынға ие, туризмнің үлесіне онда жасалған жұмыстар мен қызметтердің жалпы республикалық көлемінің 50 % тиесілі. Алматы қаласы ел бойынша өнер, ойын-сауық және демалыс саласында көрсетілген қызметтердің еліміздегі бесінші бөлікті құрайды.

Алматы елдің ірі көлік - логистикалық және коммуникациялық орталығы болып табылады: оның үлесіне жалпы республикалық көлемнің көлік және қоймаға орналастыру саласында қызмет көрсету 15,3%,ақпарат және байланыс саласындағы қызмет 53,8% келеді.

Алматы елдің жетекші қаржы-экономикалық орталығы болып табылады: еліміздегі барлық банк және сақтандыру қызметінің 56,6%-ы оның үлесіне тиеді. Қала аумағында Ұлттық банк, қаржы қызметін реттейтін органдар, қор биржалары, 33 екінші деңгейдегі банктер, 31 сақтандыру компаниялары жұмыс істейді.

Алматы республикадағы ең қуатты ғылыми және зерттеу әлеуеті бар: оған елдің кәсіби, ғылыми – техникалық қызметтің 32% үлесіне тиеді.

Алматыда медициналық қызметтерді көрсету үшін республикадағы ең ірі инфрақұрылым құрылды: жүздеген мамандандырылған диагностикалық, емханалық және амбулаториялық мекемелер, ғылыми-зерттеу және шипажай ұйымдары, әртүрлі емдеу орталықтары жұмыс жасайды.

Қала сыртқы сауда қызметінің маңызды орталығы болып табылады: ол елдің сыртқы сауда айналымының шамамен20%-ын иеленеді, оның ішінде 5%-ы экспортқа және 50,2%-ы импортқа тиесілі.

2014 жылы Алматы қаласының экономикалық өсімі маңызды оң динамиканы көрсетті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ8 153,9 млрд. теңге көлемінде қалыптасты, ол 2013 жылдың нәтижесінен 7,2%-ға артық.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2014 жылы 471,9 млрд.теңгені құрады,өткен жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өсті.

Экономикадағы өсу динамикасының баяулауы барысында негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны төмендеді. 2013 жылмен салыстырғанда инвестиция 5,3%-ға төмендеді және 510,7 млрд.теңгені құрады.

Қаржыландырудың негізгі көзі болып кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік қаражаты (57,7%), заем (14,1%), сондай-ақ бюджет қаражаттары (29,4%) болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорынның жеке қаражатының көлемін көбейту оң құбылыс болып табылады, бұл қолданыстағы кәсіпорындардың тиісті деңгейде екендігін көрсетеді.

2014 жылы инвестициялық белсенділіктің негізгі бағыттары болып мынадай салалар табылды: көлік және қоймаға орналастыру (14,2%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (24%), өнеркәсіп (17%).

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 9,3%-ға өсті және 1,6 трлн. теңгеге жетті.

Көтерме сауда тауар айналымы 6,1%-ға көбейді және 7,5 трлн.теңгені құрады

Бұл негізгі көрсеткіш, ЖӨӨ құрылымында сауда саласы 33%-дан астамын құрайды, оның ішінде шағын бизнесте 183 мың адам жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнестің тіркелген және белсенді субъектілері санының динамикасы (ШОК) 2014 жылдың өсудің оң үрдісін сақтап отыр (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға өсті).

2014 жылы ШОК субьектілерінің шығарған өнімі 3 260,2 млрд. теңге, ол 2013 жылдан 4 %-ға өсті.

Сонымен ШОК қаладағы түскен салықтың және жұмыс орындарының (66%-дан астамын) құрады.Осыған байланысты Алматы қаласында ШОК қызметін дамыту негізгі бағыттардың бірі болып қалады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша көлік қызметін қөрсету секторында оң динамика байқалады. 2014 жылы жүк айналымы 12,2%-ға, жолаушылар айналымы – 7,6%-ға өсті.

2014 жыл бойы екінші деңгейлі банктер 6 290,3 млрд. теңге сомасында несие берді, ол 2013 жылмен салыстырғанда 39,6%-ға өсті. Депозит көлемі 13,7% -ға өсті және 2 трлн. 991 млн.теңгені құрады.Шағын және ортабизнеске берілген несиелер көлемі 53,9% -ға өсті.

2014 жылы құнсыздану бір қалыпты және болжанған 7 % деңгейінде сақталуда.

Келеңсіз үрдістер арасынан сыртқы сауда тауар айналымының (кеден одақтары елдерін қоспағанда) 2014 жылы 13,5%-ға төмендегенін байқалады. Импорт 14,4%-ға, экспорт 10,1% төмендеді.

«Бизнестің жол картасы 2020» және Индустрияландыру картасы бағдарламаларын іске асыру және Ұлттық Қор қаражатынан қайта өңдеу кәсіпорындарына мемлекеттік қолдаудың іс шараларын қабылдау экономиканың көптеген салаларындағы оң динамикаға әсер етті.

Әр түрлі қолдау құралдарын қолданудың арқасында 2014 жылы қосымша 23 мың жұмыс орындары құрылуда, оның ішінде сауда саласына -37,0 %, өнеркәсіпке- 11,3 %, құрылысқа- 9,4 % үлес салмағы тиесілі.

Әлеуметтік сипаттағы мәселелер белсенді шешілді. Сараптау мерзімінде орташа айлық нақты жалақының мөлшері0,6%-ға өсті. Абсолюттік мәнде жалақы 10,7 мың теңгеге өсті.

2014 жылы қалалық еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып сақталды, жұмыссыздық көлемінің артуы байқалған жоқ. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,1%-ын құрады.

Жұмыссыздар мәселесін шешуде шаралар қабылдануда, іс шаралармен 7424адам қамтылды, оның ішінде 3422 адам жұмысқа орналастырылды.

Экономиканың өсуі, кірістердің және тұтынудың көбейуі бюджетке оң ықпал етті.

2014 жылы мемлекеттік бюджетке 1 129,1млрд. теңге салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті. Осы көрсеткіштер экономиканы дамыту, салық базасын кеңейтудің, өндірістің өсуінің және жаңа кәсіпорындарды ашудың, салықтық әкімшілікті оңтайландыру есебінен қол жетті.

2014 жылы нақты қолда бар бюджет 352,3 млрд. теңгені құрады.

Нәтижесінде қала экономикасының барлық салаларын қаржыландырудың өсуін қамтамасыз етуге қол жетті, 40% астамы әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалды.

2015 жылғы даму үрдістері туралы

2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары төмендегіше қалыптасты.

Өнеркәсіп өнімдерін шығару көлемі 526,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлемнің индексі-102%.

Өңдеуші өнеркәсіп 388,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлемнің индексі 102,4%, үлес салмағы 73,8%-ды құрады.

Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіру көлемі (өсу деңгейі 86,3%), сусындар (97,5%) төмендегені байқалады.

Ресей өндірушілерінің алдында бәсекелестікті жақсартуға қарамастан теңгенің еркін айналымынанқаланың қайта өңдеу өнеркәсібіндегі тамақ өндірудің шамамен 22,5 % үлес салмағын құрайтынын ескере отырып, аталған төмендеу аса үлкен емес.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 409,1 млрд. теңгені құрды, ол 2014 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,3%-ды құрады.

Жалпы алғанда, экономика салаларындағы оң динамиканы несиелеу көлемінің өсуіменқамтамасыз етілуде. 2015 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында екінші деңгейдегі банктер 4282,6 млрд. теңге немесе 2014 жылдың тиісті кезеңімен 106,8%-ға өсті.

Шағын бизнеске берілген несиелер көлемі 1,4 есеге өсті.

Депозит көлемі 34,3% -ға өсті және 3837,1млрд.теңгені құрады.

Депозит базасының өсуі теңгенің еркін айналымына байланысты, депозиттердің ағымдағы жылдың 1 тамызында шамамен 75%-ы еркін конверцияланатын валютада жіберілді.

Президенттің Жолдауында дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайтажаңарудың бірінші бағыттары болып,пайыздық мөлшерлемелердің ыңғайлы тетіктерін өзгерту арқылы іске асыратынқаржылық Тұрақтандыру қоры болып табылады.

Қаржы нарығындағы қатысушыларға, сонымен қатар қарызгерлерге құнсыздануды шектеу мақсатындағы ұсыныстар орта мерзімді болашақта талапты күшейту қажет.

Жыл басынан бері 1 080,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 2,2%-ға өсті.

Тұтыну және инвестициялық тауарларға ұсыныстың азаюынан бөлшек сауда айналымының көлемінің төмендегені байқалады 2014 жылы 9,4%-данағымдағы жылы 2,0%-ға, ал көтерме сауда айналымы 8,7 пайыздық тармақтан 4,0 пайыздық тармаққа төмендеді.

Сонымен қатар, аталған көрсеткіштер жоғары, жалпы республика бойынша (9 айдың қорытындысы бойынша 0,9% өсті), бұл Алматы қаласының сауда орталығы ретінде мәртебесін анықтайды (сауданың Алматы қаласының ЖАӨ үлесі -30%-дан жоғары).

Экономикадағы өсу көлік қызметінің:жүкайналымы 2,2%-ға жолаушылар айналымы 4,3% -ға өсті. Байланыстан түскен пайда 4,3%-ды құрады.

Теңгенің еркін қозғалысқа түсуі тұтыну бағасының индексі 2015 жылдың тамыз айында 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 107,5%-ды құрады, оның ішінде:

азық-түлік тауарларына-106,3%,

азық-түлік емес тауарлар-111,3%,

ақылы қызметтерде электрэнергиясы (107,2%), ыстық су (109,9%), табиғи газ (110,0%) бағасы көтерілді.

Әлеуметтік саладағы көсеткіштер тұрақты.

Келеңсіз көрсетіштер арасында сыртқы сауда айналымы және құрылыс жұмыстары (қызметтер) төмендегенін атап өтуге болады.

2015 жылдың тоғыз айында құрылыс жұмыстары 6,5 %-ға төмендеді және 212,2 млрд теңгені құрады.

Ішкі сұраныстың (КО елдерінен басқа) және сыртқы сауда айналымындағы экспорт тауарларына бағаның төмендеуінен 2015 жылдың 1 қарашасында 8,7 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға төмендеді.

Сонымен қатар экспорт 35,7%-ғатөмендеді және 1 млрд 333,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Қытайға шығатын экспорт 2,8 есеге, Украинаға шығатын экспорт 1,5 есеге төмендегені байқалады. Шикі зат тауарларына 2015 жылы дүниежүзілік нарықта бағаның едәуір төмендегенін байқауға болады.

Импорт 33,6%-ғатөмендеді және 6,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

2015 жылдың қаңтар-маусым айларында Кеден одақтары елдерімен өзара сауда 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады, 23,7 %-ға төмендеді.Негізгі тауар айналымы Ресейге тиесілі, жалпы тауар айналымында 95 %-ды құрайды.

Алматы қаласының бюджеті әлеуметтік салаға бағытталған, сондықтан әлеуметтік саланы дамытуға қомақты қаражат бөлінді.

Мәселен, 2015 жылы білім беру саласын дамытуға 69,2 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылдың 1 қарашасына56,6 млрд. теңге немесе жылдық жоспардан 81,8%-ы игерілді. Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2015 жылы 53,9 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылдың 1 қарашасына 41 млрд. теңге немесе жылдық жоспардан 76%-ы игерілді.

Сараптау мерзімінде әлеуметтік салада тұрақтылық байқалады.

Тіркелген жұмыссыздар деңгейі 0,3%-ды құрды.

2015 жылдың тоғыз айында қаланың жұмыспен қамту орталығына 17 677 адам тіркелді, оның ішінде 14 656 адам (82,8%) жұмысқа орналасты.

Жалпы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен, сонымен қатар жұмыспен қамту шараларының арқасында ағымдағы жылдың тоғыз айында 17 320 жұмыс орыны құрылды.

Қаладағы әлеуметтік экономикалық динамиканы ескере отырып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша экономика саласындағы көрсеткіштердің өсу деңгейінің өсуіне қарамастан оң деңгейде қалуы күтілуде.

Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің өсу қарқыны 2015 жылы 101%-ы, оның ішінде қайта өңдеу өнеркәсібі- 100,7%-ы, электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауаны тазартуда – 101,5%-ы күтілуде.

Инвестиция көлемі 2014 жылғы деңгейдің 103,5% -ды құрайды. Көлік және байланыста өсім сәйкесінше3,2 %-ды және 3,7%-ды құрайды.

Нақты сектор салаларының даму динамикасын ескере отырып, сауда және қызмет салаларында ЖӨӨ нақты өсімі 2015 жылы 102,5% деңгейінде бағаланады.

2. Басымдықтар

2014 жылы Қазақстан экономикасы негізгі экспорт тауарларына әлемдік бағаның төмендеуі, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық, әлемдік нарықтағы айтарлықтай өзгерістерге байланысты дамуды.

Әлемдегі геосаяси жағдайдың дамуына қарай әлемдік экономика даму үдерістерінің өзгеруі және республикада экспорт тауарларының, әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты дамудың үш мүмкін сценарийі қарастырылған.

Оптимистік сценарий 2016-2020 жылдары әлемдік экономиканың динамикалық дамуын, Еуро аймақ елдерінің қарыз мәселелерін шешеді.

Оптимистік сценарии 2016-2017 жылдары аралығында әлемдік мұнайға деген баға барреліне 50 доллар деңгейде болады. 2018-2020 жылдары ол барреліне 60 долларға дейін өседі.

Базалық сценарий 2015-2019 жылдары әлемдік экономиканың баяу, бірақ үдемелі орташа қарқынмен 3,8 % деңгейде өсімін болжайды. 2016-2017 жылдар аралығында мұнайға баға барреліне 40 доллар деңгейде болады. 2018-2020 жылдары ол барреліне 50 долларға дейін өседі.

Сценарий дамыған (АҚШ, Еуро аймақ) елдердің даму жағдайы негізгі қозғалу күштерінің ғаламдық өсуін көрсетеді.

Пессимистік сценарий дағдарысты жағдайлардың келуімен, әлемдік экономиканың өсуінің төмендеуімен, ірі әлем экономикасының –Қазақстанның негізгі сауда әріптестері, сонымен қатар негізгі экспорталатын Қазақстан тауарларының әлемдік бағасының төмендеуімен сипатталады.

Әлемдік экономика өсімі 2016-2020 жылдары 2,8%-дан аспайды. 2016-2020 жылдары мұнайға баға барреліне 30 долларға дейін төмендейді.

Ел экономикасының даму үрдісін және әлемдік экономика жағдайларын ескере отырып, болжамды қалыптастыру барысында параметрлерінде күтіліп отырған жағдайдан сәл ғана ауытқуы бар базалық нұсқасы алынды.

Ағымдағы жылдың басында Алматы қаласының дағдарысқа қарсы 2015-2017 жылдарға арналған көп деңгейлі жоспары (бұдан әрі – Дағдарысқа қарсы жоспар) әзірленді.

Дағдарысқа қарсы жоспарды іске асыру бойынша Іс-шаралар әзірленді, 2015 жылға арналған Алматы қаласы жергілікті бюджеті шығыстарының 30 млрд. теңгеге жуығы үнемделді. Үнемделген қаражаттар қолайсыз экономикалық жағдайды ескере отырып маңызды мәселелерге таратылды.

Экономиканың нақты секторына ықпалдасу және кәсіпкерлікті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құнсыздану деңгейін төмендету, әлеуметтк тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың жұмыпен қамтылуына ықпалдалдасу, инвестициялық белсенділікті жақсарту басым бағыттар болып табылады.

Осылайша тиісті шараларды іске асыру нәтижесінде қаланың негізгі макроэкономикалық көрсеткіші ЖӨӨ болжап отырған кезеңде жылына 2 % деңгейден төмен емес күтілуде.

Алматы қаласының дамуы халықаралық консалтингтік Маккинзи компаниясың, БҰҰДБ, ЕЖДБ сарапшыларының қатысуымен әзірленген 2020 жылға дейінгі Алматы қаласының Даму бағдарламасының іске асырылуы негізінде болады.

Алматы қаласының дамуының басымдылығы: « Адамдардың өміріне және жұмысына қолайлылық, бизнестің дамуына жағдай қалыптастыратын әлемдік деңгейдегі заманауи қала»

Қаланың дамуының қағидалары болып:

- Заманауи.

- Бұқаралық кеңістік.

- Орталықтандырылған.

- Қала басқармаларының жұмыстарының бір-бірімен үйлесімділігі.

- Алматы агломерациясымен интеграциясы.

- Халықаралық қоғаммен интеграциясы.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Алматы қаласы өзінің дамуын 3 негізгі векторға бөлінеді:

Адамдардың өміріне қолайлы қала.

Заманауи бизнесті дамытуға жағдай қалыптастыратын қала.

Экономиканың басым секторларын мақсатты дамытушы қала.

Көрсеткіштерге қол жеткізуэкономика субъектілеріне қолдау, мемлекеттік бағдарламалар құралдары мен бюджеттің дамуы арқылы Елбасы ұсынған Бес инстуционалды реформасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру негізінде мүмкін болады.

3. Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері

Экономиканың негізгі агрегирдік көрсеткіші Жалпы өңірлік өнім болып табылады. 2015 жылғы 1 тоқсандағы жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3 425,8 млрд, теңгені құрады, сонымен қатар жалпы республика бойынша Алматы қаласының үлесі 20 % құрады және бұл республика бойынша ең жоғарғы орынға ие.

Алматы индустриаландырудан кейін орталығы ретінде дамуда. Сонымен қатар, негізгі экспорттық тауарларға бағаның төмендеуі жағдайында ең маңызды міндеттерінің бірі экологиялық жағынан таза және инновацияға бағдарланған өндірісті дамыту басымдықтарымен өнеркәсіп өндірісінің өсімін ұлғайту болып табылады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарын сауықтыру және мемлекеттік қолдаудың басты құралы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көрсетілген «Нұрлы жол», индустриялық-инновациялық даму, инфрақұрылымдық даму, «Бизнестің жол картасы -2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Агробизнес – 2020» Үкіметтік бағдарламаларында көзделген тетіктер мен іс-шаралар болып табылады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордан Алматы қаласы бойынша 28,6 млрд. теңге қаражат бөлінген болатын, осы қаражат шеңберінде 38,2 км желілерді құру және қайта жөндеу, 2 мектеп жапсар жайының құрылысына бөлінді.

Алматы қаласы экономикасының өсуінің бір нүктесі болып Алатау ауданындағы құрылып жатқан жалпы алаңы 490 га. құрайтын Индустриялық аймақ, ол жерде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Индустриялық аймақта 7 өндіруші сектор анықталды: тамақ, көлік жасау, құрылыс, фармацевтикалық, химиялық, жиһазды, жеңіл өнеркәсіп саласы.

Бүгінгі күні Индустриялық аймақтың шекарасында жүзеге асыру үшін жалпы құны 316,4 млрд. теңге болатын 41 инвестициялық жоба мақұлданды. Алдын ала есептеулер бойынша Индустриялық аймақтағы кәсіпорын толық жұмыс күшіне енген кезде жылына өнім шығару көлемі 174 млрд. теңгені құрайды.

Алматы қаласының Индустрияландыру картасыөнеркәсіпті дамытудың бір құралы болып табылады. Бүгінгі күні 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына жалпы құны 80,2 млрд. теңге болатын 29 жоба кіреді.

Алматы қаласының тамақ өнеркәсібі Алматыда танымал ет, сүт, кондитерлік, нан-тоқаш, жеміс-көкөніс өнімдері, консервілер мен сусындар шығаратын: «Рахат» АҚ, «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ, «Беккер және К» ЖШС, «Еткон» ЖШС, «Ақсай» НТК АҚ, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС, «RG Brends»ЖШС, ЖШС, «Нәзік» ЖШС, «Маслодел» ЖШС, «Цин Каз» ЖШС және басқа да бірқатар кәсіпорындармен дамитын болады.

Өңдеуші өнеркәсіптің үлесіне шығарылатын өнімнің жалпы көлемінің шамамен 74,0 % -ы келеді. Соңғы бес жылда өңдеуші өнеркәсіп жылына 2% өсу қарқынмен дамитын болады деп күтілуде.

Қала үшін ерекше маңызды көлік жәнеинженерлік инфрақұрылымын дамыту. Көлік саласында метрополитеннің екінші кезегінің құрылысын, көшелерді ұзарту және жолайрықтар, жаяу жүргінші жолдары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін дамыту, экологиялық таза электркөлігінің балама түрін дамытуды қамтамасыз ету, Smart технологияларды енгізужоспарланып отыр.

Инфрақұрылымды дамыту 2017 жылғы Универсиадаға дайындықты ескере отырып жаңа серпін алады.

Қаланың келешектегі дамуының инновациялық құрамын «Инновациялық технолгиялар паркі» автономды кластерлік қоры қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні «ИТП» АЭА 152 компанияны құрайды, оның 14 –і шет елдік инвесторлардың қатысуымен болатын кәсіпорындар.

Шығарылып отырған өнімнің негізгі номенклатурасын телекоммуникациондық құрылғылар, электрондық бөлшектер, байланыс құралдары, диодтық шамдар құрайды.

«Инновациялық технолгиялар паркі» автономды кластерлік қоры«ИТП» АЭА ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуды жүзеге асырады, өзін ғылыми-білімді, жобалы-конструкторлық және азық түлік кластері енгізілген инновациялық хаб ретінде ұсынады.

Қазіргі уақытта «ИТП» АЭА екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр.

Жобада «ИТП» АЭА қатысушылары орналасқан инженерлік-көліктік инфрақұрылым құру қарастырылған.

Бөлшек сауданы белсенді дамыту ірі сауда желілері құрылымдарының, супермаркеттердің, заманауи дизайнмен және озық технологияларды енгізумен сауда-ойын-сауық орталықтарының бұдан әрі пайда болуымен жалғастырылады.

Қазіргі уақытта Солтүстік айналым көшесіндегі сауда базарларын қайта жаңалау жүріп жатыр. Осы жұмыстарды аяқтау сауда кәсіпорындарының жұмыс жағдайларына, көлікке қол жетімділікті жақсартуға оң ықпал ететін болады, сондай-ақ оңтүстік астананың сәулеттік жағын жақсаруына әсерін тигізеді.

Солтүстік айналым ауданында сауда-көлік дәлізінің құрылысын іске асыру көлеңкелі экономика деңгейін азайтуға мүмкіндік береді және бюджетті толықтырып тұруға ықпал ететін болады.

Болжанып отырған кезеңде бөлшек сауданың өсуі орта есеппен 6,5%-ды, ал көтерме сауда айналымының өсу көлемі жыл сайын 5,2 %-ды құрайтын болады деп күтілуде.

Сонымен қатар Алматы спорттық орталық ретінде дамуын жалғастырады. 2017 жылға арналған Қысқы Универсиадада пайдалауға берілетін спорттық нысандардың болуы ықпалын тигізеді.

Болжанып отырған кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен қабылданған «Жасыл экономика» Тұжырымдамасын іске асыру бойынша тәжірибелік шаралар қабылданатын болады, онда экология, энергия үнемдеу, экожүйелерді басқару қарастырады, бұл қала халқы өмірінің сапасын жақсартуға сөзсіз ықпал етеді.

Алматы қаласының әкімдігі қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және тиімді жинауды қамтамсыз ету мақсатында «Алматы қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу бойынша заманауи полигон құрылысы» жобасын іске асыру туралы мәселе қаралтын болады.

Жоба заманауи кешеннің құрылысын қарастырады, оған қалдықтарды бөлу және қайта өңдеу функцияларын біріктіретін, сондай-ақ экологиялық таза энергияны шығару кіреді.

Инвестициялар экономикалық өсудің бір факторы болып табылады. Инвестициялық саясат қолайлы Инвестициялық жағдай жасауға, инвестиция тартуға, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде көрсетілген міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.

Мемлекеттік-жеке әріптестік қағидасы бойынша (бұдан әрі - МЖӘ) маңызды әлеуметтік - экономикалық жобаларды іске асыру жоспарлануда.Әкімшілік кедергіні төмендету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Алматы агломерациясын дамыту шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту алғы шарт болып табылады. МЖӘ тетіктерін қолдану арқылы «ҮАААЖ» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталады.

Инвестицияның жыл сайын өсуі болжанатын кезеңде 1-2% құрайды.

Алматы қаласы экономикасының негізі шағын және орта бизнес болып табылады. Шағын және орта бизнесте бүгінгі күні 554 мың адам қызмет етеді.

Сонымен қатар, қазіргі экономикалық жағдай шағын және орта бизнес қиындықтар туғызады, сұраныстың өсуіне байланысты. Азық - түлік емес тауарларды сату көлемі 5,6 пайызға төмендеді.

Төлемқабілеттілікке сұраныс төмендеуі жағдайында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде нақты жұмыс орындарын құруға бағытталған кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен шағын және орта бизнесті қолдау жалғастырылады.

«Агробизнес 2020» үкіметтік бағдарламасын іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік саясатты жүргізу әлеуметтік кепілдеме және жеке жауапкершілік, қолайлы демографиялық үрдісті, жұмыспен қамтуды, халық өмірінің сапасын және әлеуметтік стандарттарды тұрақты жақсарту қағидасында құрылатын болады.

Аталған қағидалар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы құралдары, еңбек қатынастарын жетілдіру, еңбек нарығын ынталандыру, әлеуметтік қатынастарды жақсарту,атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік арнайы қызмет, мүгедектерге әлеуметтік көмек, ана мен баланы қорғау арқылы іске асырылатын болады.

Денсаулық сақтау, білім беру және спорт жүйесін одан әрі дамытуға қол жеткізіледі.

2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің нақты болжамы 1 қосымшада ұсынылған.

Бюджеттік параметрлердің индикаторлары

2016-2018 жылдарға арналған Алматы қаласының шоғырландырылған бюджетінің кіріс бөлігімакроэкономикалық және өңірлік көрсеткіштер параметрлерінің болжамдық базасы негізінде орта мерзімді кезеңге және өткен жылдардағы түсім, 2015 жылға арналған кірісті бағалау Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, анықталған.

Кіріс бөлігін болжау кезінде қала экономикасына дағдарыстың әсер етуіне байланысты 2016-2018 жылдардағы түсімнің төмендеу мүмкіндігі есепке алынды.

Қолайсыз экономикалық жағдай кезінде бюджеттік үрдіс ерекше маңызға ие, бюджеттің әр теңгесін шығындауда ерекше бақылау орнатылған, бюджеттік тапсырысты қалыптастырудан бастап бюджеттік қаражатты іске асыру тиімділігін бақылауға дейін.

Бюджеттің шығыстарын болжау кезінде бюджеттік қаражаттарды үнемдеу, жаңа бюджеттік бастамаларға мораторий енгізу бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмалары ескерілді.

2016-2018 жылдар аралығында жинақталған бюджет кірістерінің 12,2 %-ға өсуі болжануда. Болжанып отырған кезеңде жергілікті бюджет кірістерінің өсімі 6,2% құрайды.

Алматы қаласы бюджеті шығындарының негізгі бөлігі білім беруге, денсаулық сақтауға, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдауды қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және инфрақұрылымды дамытуға, экологияны және өмір сүру стандарттарын жақсартуға жұмсалады.

2016-2018 жылдардағы бюджеттік параметрлердің болжамы және басым бюджеттік инвестициялардың Тізбесі 2,3 қосымшаларда берілген.

Қосымша 1,2 (.xls, 149 Кб)

Қосымша 3 (.xls, 546 Кб)

 


© 2005-2019
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі