^ жоғары
 
Жексенбі, 8 желтоқсан 2019     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

  • Экономика / Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы
Алматы қаласының 2016 жылғы қаңтар - май айларындағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары

Алматы қаласының 2016 жылғы қаңтар - май айларындағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі 282,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес деңгейінен -92,9%.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 158 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,8%-ды құрады.

2016 жылғы қаңтар - сәуір айларында екінші деңгейлі банктер 1 954,4 млрд. теңге сомасында несие берді, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті.

Шағын бизнеске берілген несиелер көлемі 358,2 млрд.теңгені құрады және 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге өсті.

Депозиттер көлемі 1,6 есеге өсті және 4 592,8 млрд.теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі 62,7 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,7%-ды құрады.

Жыл басынан 726,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 0,3%-ға төмендеді және 802 млрд. теңгені құрады.

Көтерме тауар айналымы 3 064,8 млрд. теңгені құрады (100%).

Жүк айналымы 7,3%-ға, жолаушы айналымы 5,6%-ға өсті.

Байланыс қызметінен түскен кіріс 3,7%-ға өсті және 164,9 млрд.теңгені құрады.

Тұтыну бағасының индексі 2016 жылдың майында 2015 жылдың желтоқсанына 104%-ды (ҚР бойынша 104,2%-ды) құрады, оның ішінде:

азық-түлік тауарлары бойынша – 104,7%;

азық-түлік емес тауарлары бойынша –106,7%;

ақылы қызметтер –100,6% -ды құрады.

Құнсыздану үдерістерін тежеу мақсатында жәрмеңкелер, бағаны мониторингілеу, бәсекелестікті кеңейту бойынша жұмыстар, негізгі әлеуметтік-маңызды тауарларына ұсыныстарды көбейту бойынша тұрақты жүргізілуде.

Орташа айлық еңбек ақы -168 724 теңге.

Жан басына шаққандағы кіріс -212 040 теңге

Жұмыссыздар деңгейі 5,3%-ды құрады.

2016 жылдың басынан Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 6 499 адам қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1008, жастар тәжірибесіне 563 адам, тұрақты жұмыс орындарына 4845 адам жұмысқа орналастырылды, 25 адам кәсіби дайындықтан,58 адам кәсіби оқудан өтті.

Сонымен, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен, сонымен қатар жұмыспен қамтуды қолдау шараларының арқасында 2016 жылдың басынан 8 851 жұмыс орны құрылды.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,7 жасты құрайды.

Туылғандар саны 9,8%-ды немесе 674 адамға өсті.

Қалалықтардың жалпы өлім деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 5,2%-ға, 7,52-ден 6,38-ге төмендеді, бұл орта республикалық деңгейден 20%-ға айтарлықтай төмен.

Жиынтық бюджетке 2016 жылдың 1 маусымына 694,9 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті.

Алматы қаласының 2015 - 2019 жылдарға арналған Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 167,2 млрд. теңгелік, 10 290 жұмыс орындарын құратын 61 инвестициялық жобалар енді.

2016 жылы Алматы қаласының нақты бар бюджеті 380,6 млрд.теңгені құрады, оның ішінде:

жергілікті бюджет шығысы – 213,3 млрд. теңге,

республикалық бюджеттен трансферттер – 167,3 млрд. теңге.

 


© 2005-2019
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі