^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 27 мамыр 2019
 
     
 
Қоғам / «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы
Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде іске асырылатын «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ең кең таралған бас тарту себептері

«Алматы жастары» Бағдарламасына қатысушылардың Бағдарламаның талаптарына келесі сәйкессіздіктер анықталды:

1. Өтініш берушінің немес зайыбының жасы 35-тен асып кетті;

2. Өтініш берушінің немесе отбасы мүшелерінің Алматы қаласында тіркеуі болмады, не болмаса өтініш берушінің немесе зайыбының Алматы қаласында 1 жылдық тұрақты тіркеуі болмады;

3. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшелерінің бірлескен ортақ меншігінде үлестерінің немесе тұрғын үйлерінің болу фактісі анықталды;

4. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан тұрғын үйді айырбастау фактісі анықталды;

5. Бағдарламаға қатысушыларының Алматы қаласында жарты жылдық (6 ай) жұмыс өтілі болмады. Аталған талаптар сәйкессіздігі кезінде қатысушылар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатпады.

Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде іске асырылатын «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардан жіберілген ең кең таралған қателер

«Алматы жастары» Бағдарламасының қатысушылары құжаттар мен өтініштер беру кезінде келесі қателіктерді жіберді:

1. Алматы қаласы көші-қон қызметі Басқармасынан Алматы қаласындағы әр түрлі мекенжай бойынша тіркеуді растайтын анықтамалар болмады;

2. Қажетті құжаттар мен түсірілген суреттер көшірмелерінің сапасыз сканы жапсырылған;

3. Ажырасқан азаматтар алдыңғы неке жылының санын күші бар неке ретінде есептеген;

4. Өтініште мәлімделген көшірмелер «ТҮҚЖБ» АҚ көшірмелерімен расталмады;

5. Жұмыс өтілі, неке тіркеуінің уақыты дұрыс емес көрсетілген (дөңгелектенген).

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13