^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 23 қыркүйек 2019
 
     
 
Әлеуметтік сала / Әлеуметтік әріптестік
Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы кәсіподақтар одағы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған ӨҢІРЛІК КЕЛІСІМ

Біз, Алматы қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – «Әкімдік»), «Алматы кәсіподақтар одағы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі нің, «Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі нің (бұдан әрі – Кәсіподақтар), Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілетті өкілдері, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларын;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018- 2020 жылдарға арналған Бас Келісімді басшылыққа ала отырып, және;

– Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;

– өңірдің әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын іске асыру, оның жергілікті орындарда іс жүзінде жүзеге асырылуына ықпал ету үшін ортақ жауапкершілік;

– әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық - шарттық реттеу;

– жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтарын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауды, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету ісінде өзара іс-қимыл жасау қағидаттарын ұстана отырып;

– әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауды міндетіне ала отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2018-2020 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдары мен олармен байланысты экономикалық қатынастарды және оны іске асырудағы бірлескен іс-қимылдарды айқындайтын осы 2018-2020 жылдарға арналған Өңірлік келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.

I бөлім

Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы

Тараптар:

 

  • Цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияларды құруға ықпал ету.
  • Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу есебінен отандық экономиканың дәстүрлі базалық салаларының бәсекелес басымдықтарын кеңейту.
  • Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету есебінен еңбек нарығын тиімді реттеу.

1.4. Алматы қаласындағы бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру бағыттарында бірлесіп күш жұмсау міндетін алды .

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

    • Экономика салаларын технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды және Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға.
    • Шетелдік озық технологиялардың енгізілуіне және әлемдік жоғары өнімді компанияларды тартуға жәрдемдесуге.
    • Бизнесті және халықты экономиканы технологиялық жаңғыртуға жедел тарту үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға.
    • Әлеуметтік тұрақсыздыққа және халықтың табысының төмендеуіне жол бермеу үшін еңбек ресурстарының құзыреттілігін арттыруға және кәсіпорындар, салалар ішінде және арасында кадрлардың икемді ауысуына жәрдемдесуге .
    • Қаланың экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға ынталандыруға.
    • Инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдауға.
    • Тиімділігі жоғары жобаларды қолдау үшін инвестицияларды бағыттауға уағдаласты .

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

 

1.12. Инновацияларды қолдау және инвестицияларды тарту үшін нормативтік құқықтық актілердің әзірленуін қамтамасыз ету.

1.13. Ұлттық экспорттық стратегияның, Ұлттық инвестициялық стратегияның және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы бойынша шаралар қабылдау.

1.14. Экономиканы жаңғырту шеңберінде ірі кәсіпорындармен Жол карталарын жасасу және Н әтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек ресурстарының басқарылып ауысуы үшін жағдай жасау.

1.15. Алматы 2020 даму бағдарламасын, «Еңбек» н әтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету.

1.16. Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг және талдау жүргізу, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа болжам жасау.

1.17. Алматы қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресмилендіру және ел экономикасына және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша Жол картасын әзірлеу және бекіту.

1.18. Бюджетке және жалақысы бойынша берешегі бар ірі және орта кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу.

1.19. Үдемелі индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, инновациялық дамуды енгізу арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету.

1.20. Импорттық алмастырушы және экспортқа бағытталған өнімді өндіру, сондай-ақ оны сату үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарға инвестициялар тартуға көмектесу.

1.21. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңына сәйкес Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және олардың шекті деңгейлерін бекіту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау кезінде қоғамдық тыңдаулар өткізсін.

1.22. Кәсіподақтардың және Жұмыс берушілердің өкілдерін Әкімдіктің және оның қалалық салалық басқармаларының нормативтік құқықтық актілерді және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу және қарау жөніндегі, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу және одан әрі іске асыру, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және еңбек қатынастары саласына қатысты басқа да мәселелер жөніндегі комиссияларының, жұмыс топтарының құрамына қосу.

1.23. Барлық меншік нысанындағы ұйымдарда әлеуметтік жәрдемақы мен жалақы түрлерінің уақытылы төленуін, сондай-ақ оның жыл сайын индекстелуін тұрақты бақылауды жүзеге асыру.

 

Жұмыс берушілер өздеріне мынадай міндеттемелерді алады :

 

    • Жаңа, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізу кезінде компаниялардың өз кадрларына білім беруді және оларды даярлауды өз бетінше инвестициялауы бойынша жұмысты үйлестіру.

1.25. Инновациялар және инвестициялар тарту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу.

1.26. Озық технологияларды енгізуді ескере отырып, кәсіпорындарды негізгі құралдарды жедел жаңартуды жүргізуге тарту.

1.27. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға, оның ішінде жұмыс берушілерді әлеуетті босатылатын кадрлардың құзыреттерін дамытуды қамтамасыз етуге ынталандыру есебінен құруға жәрдемдесу .

1.28. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңартуға қатысу .

 

Кәсіподақтар өздеріне мынадай міндеттемелерді алады :

 

1.29. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін:

– еңбек ұжымдарының арасында экономиканың технологиялық жаңаруымен байланысты еңбек нарығындағы сын-тегеуріндер туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

– өндірісті технологиялық жаңғырту (автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру) шеңберінде еңбек нарығындағы шиеленісті бәсеңдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу жолымен еңбек ресурстарының ауысуын тиімді басқаруға ықпал ету.

1.30. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасында, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда көзделген іс-шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

 

Жұмыс берушілер мен Кәсіподақтар:

 

1.31. Барлық меншік нысанындағы ұйымдарда мемлекеттің және Алматы қаласының экономикалық даму стратегиясының негізгі бағыттарының, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының мәнін түсіндіру және олардың жергілікті жерлерде іс жүзінде іске асырылуына ықпал ету .

1.32. Шаруашылық субъектілерінің ұжымдық шарттарына өндірістің тиімділігін және өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға бағытталған міндеттемелерді қосуға қол жеткізу. Барлық жерде тәлімгерлікті дамыту және кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу.

1.33. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдық шарттарына жалақыны міндетті индекстеу тәртібін және жұмыскерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін ішінара өтеуге бағытталған өтемақы төлеу міндеттемесін қосуға қол жеткізуге уағдаласты.

 

II бөлім

Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту

 

Тараптар:

 

  • Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өндіріс көлемін арттырудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау.
  • Бизнесті ашу және жүргізу үшін шығындар мен кедергілердің барлық түрлерін төмендету.
  • Кәсіпкерліктің бостандығы және бәсекелестікті дамыту үшін бағалық және тарифтік сөзбайласуларды болдырмау.
  • Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту бағыттарында бірлесіп күш жұмсау міндетін алды .

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

  • «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын, оның ішінде бизнес негіздеріне оқыту және халыққа шағын несие беру бөлігінде тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге.
  • Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға ықпал етуге.
  • Бизнес-ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

 

  • Шағын және орта бизнесті дамыту үшін және жаңа өндіріс орындарын ашу, жаңа қызмет түрлерін құру жолымен сұранысқа ие өнімдердің шығарылуын арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасау.
  • Жеке сектордың іскерлік белсенділігін ынталандыру және бизнес-ортаны жақсарту бойынша шаралар қабылдау.
  • Мемлекетке тән емес кейбір функцияларды бәсекелестік ортаға кезең-кезеңімен тапсыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
  • Жеке бизнес субъектілерінің қызметіне бақылау және қадағалау рәсімдерін ырықтандыруды қамтамасыз ету.
  • Цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді және құжаттар тізбесін қысқарту.
  • Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуді қамтамасыз ету.
  • Бизнеске аутсорсингке берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту.
  • Халықтың әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен реттелетін қызметтерге бағалық қолжетімділігін, инфляция деңгейінің төмендеуін қамтамасыз ету.
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, реттелетін қызметтер мен тарифтерге бағалар мониторингін енгізу. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуі анықталған жағдайда құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы бірінші кезекте қажет тауарларды әртараптандыруды жүргізу.
  • Тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін теңгеруге қол жеткізу негізінде тарифтік саясат жүргізу.

2.18. Іскерлік құрылымдардың әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға деген жауапкершілігін арттыруда олардың қызығушылығын ынталандыру.

2.19. Ынтымақтастық пен икемділік қағидаттарын сақтау негізінде әкімдіктің бизнестің әлеуметтік есеп беруіне араласпау саясатын жүргізу.

 

Жұмыс берушілер өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

2.20. Кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастыру және оларға бизнесті ашу және жүргізу бойынша консалтингтік қызметтер көрсету.

2.21. Бизнес-ортаны жақсарту және бәсекелестікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2.22. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген функцияларын бизнес-ортаға кезең-кезеңімен беру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

2.23. Кәсіподақтармен қарым-қатынасты нығайту, атқарушы билік органдарымен және кәсіподақтармен бірлесе отырып, әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін белсенді іске асыруға қатысу.

2.24. Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірігіп бизнестің әлеуметтік инвестицияларына қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру және нәтижелі әлеуметтік әріптестіктің үлгілерін насихаттау.

2.25. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының тиісті бағыттарын іске асырудың тиімді операторы ретінде әрекет ету.

 

Кәсіподақтар өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

2.26. Бизнес-ортаны жақсарту, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу.

2.27. Жұмыс берушілермен қарым-қатынасты нығайту және атқарушы билік органдарымен бірлесіп әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

 

III бөлім

Халықты ресми және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

 

Тараптар:

  • Жоғары өнімділігімен, қауіпсіз еңбек жағдайларымен, жалақы мөлшерін реттеумен сипатталатын жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау.
  • Ресми және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
  • Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыру бағыттарында бірлесіп күш жұмсау міндетін алды .

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

  • Жұмыспен қамтуды реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде жұмыспен қамтуды ресмилендіруді ынталандыруға.
  • Экономиканың технологиялық жаңаруын есепке ала отырып, жұмыскерлерді үздіксіз кәсіби дамытуды, қадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға.
  • Материалдық табысы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдерге тұрақты практикалық көмек көрсетуге.
  • « Ұжымдық шарт жасасыңыздар!» жалпы республикалық акциясын жалғастыру шеңберінде «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсқа қатысу үшін Тараптар өкілдерінің қатысуымен қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын таңдауға уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді алады :

 

  • Еңбек нарығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қатысты ұсыныстар әзірлеуге Тараптарды тарту.
  • «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуын жалпы үйлестіруді жəне мониторингтеуді жүзеге асыру.
  • Инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру кезінде бұрыннан бар жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу.
  • Жұмыс берушілер бірлестіктерінің қатысуымен жұмыс күшіне қажеттілік туралы болжамды деректерді талдау негізінде жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру.
  • Кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі балалар мекемелерінің желісін үнемі кеңейтіп отыру қажет.
  • Азаматтарды жұмысқа орналастыру арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға жеке меншік жұмыспен қамту  агенттіктерін тарту бойынша жұмысты жандандыру.
  • Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу.
  • Жұмыс берушілерді электрондық еңбек биржасы бар жұмысқа тарту.
  • Қызметкерлердің басқа салаларға реттеліп ауысуы үшін жағдай жасау.


Жұмыс берушілер өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

3.17. Кәсіптік білім беруді жаңғыртуға және кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бизнестің қатысуына ықпал ету.

3.18. Біліктілікті тәуелсіз сертификаттауды енгізуді қамтамасыз ету.

3.19. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу.

3.20. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңартуға қатысу.

3.21. Ж оғары және арнайы орта оқу орындарында Дипломдық жобаларды қорғау жөніндегі мемлекеттік емтихан комиссияларының жұмысына қатысу. Жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен бітірушілері үшін өндірістік тәжірибе мен тағылымдамадан өту үшін жұмыс орындарын ұсыну. Кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесін енгізуге жәрдемдесу.

3.22. Еңбек ресурстарындағы қажеттілікті зерделеу мақсатында сауалнама жүргізу кезінде жәрдемдесу.

3.23. Ұ жымдық шарттарда 50 жастан асқан жұмыскерлерге жұмыс орындарын сақтау жөніндегі ережелерді қарастыру. Жұмыс беруші және жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан құралған комиссияның оң шешімінсіз жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту негіздері бойынша зейнеткерлік жасқа кемінде үш жылы қалған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзуға жол бермеу.

3.24. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

 

Кәсіподақтар өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

3.25. Салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды қалыптастыруға қатысу және «өмір бойы оқыту» қағидатын іске асыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.

3.26. Еңбек заңнамасында асыра көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларды ұсыну мүмкіндігі туралы міндеттемелерді ұжымдық шарттар мен келісімдерге қосуға ықпал ету.

3.27. Жұмыс берушілерге және жалдамалы жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық шарттарды дайындау мен қабылдауда практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

3.28. Ұжымдық шартта көзделген тәртіппен он күндік мерзімде Жұмыс берушілерге сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу туралы хабарлауды қарастыру.

IV бөлім

Адами капиталдың сапасын жақсарту

 

Тараптар:

4.1. Қаланың экономикасын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

4.2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыру.

4.3. Халық денсаулығының профилактикасы және оны нығайту.

4.4. Денсаулық сақтау жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру.

4.5. Әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету саласында бәсекелестік ортаны дамытуға жәрдемдесу.

4.6. Нәтижелі және ресмилендірілген жұмыспен қамтуды ынталандыру.

4.7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігін және сапасын күшейту бағыттарында бірлесіп күш жұмсау міндетін алды .

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

4.8. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыруға жәрдемдесуге.

4.9. «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету үшін қажетті жағдайлар жасауға.

4.10. Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартуға жәрдемдесуге.

4.11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейтуге және білім беру саласына жеке инвестицияларды тартуға.

4.12. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау және білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге.

4.13. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге.

4.14. Мемлекеттің гендерлік және жастар саясатын, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға бағытталған қаладағы бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

4.15. Деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделген денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесуге.

4.16. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге.

4.17. Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың жеке жауапкершілігін үйлестіруге уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

 

4.18. Білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілділікті кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету.

4.19. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының қатысуын қамтамасыз ету.

4.20. Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

4.21. Аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

4.22. Алматы қаласының жалдамалы жұмыскерлері мен халықтың табысы аз жіктерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне қатысты мәселелер жөніндегі қала әкімдігінің қаулыларын және аудандар әкімдерінің шешімдерін қабылдаған кезде Кәсіподақтар мен Жұмыс берушілерді талқылауға шақыру.

4.23. А й сайын Келісімнің басқа Тараптарының қатысуымен еңбек нарығындағы болжамды ахуалды және әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмыс тобының отырыстарында ұсынылатын шараларды қарастыру.

4.24. Жұмыс берушілермен және Кәсіподақтармен бірлесе отырып, еңбек ұжымдарында өндірістік қызметті тұрақтандыру және әлеуметтік-еңбек дауларының пайда болу қауіптерінің алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.

 

Жұмыс берушілер өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

4.25. Ұйым жұмыскерлерін өндіріс ішінде оқытуды, сондай-ақ жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды дамытуға ықпал ету.

4.26. Білім беруге және денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға ықпал ету.

4.27. Кәсіподақтармен бірлесе отырып және жұмыс берушілер келіскен жағдайда ұжымдық шарттарда өсіп келе жатқан, бірақ Алматы қаласындағы өткен жылғы орташа айлық күнкөріс минимумынан бір жарым есеге төмен емес салалық коэффициенттерді ескере отырып, жыл сайынғы ең төменгі жалақы мөлшерлемелерін (жалақылар) белгілеуге жәрдемдесу, сондай-ақ оларда жұмыскерлерге әлеуметтік, медициналық қызмет көрсетуді және сауықтыруды жақсарту мәселелерін шешуге бағытталған міндеттемелерді қарастыру.

4.28. Кәсіпорындарды тұрақты дамыту мақсатында жұмыскерлерді лайықты еңбек жағдайларымен және төлемдермен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік бағыттағы акцияларға қатысу.

4.29. Ұжымдық шарттарды жасасу арқылы жұмыскерлерді, сондай-ақ олардың балаларын жазғы демалыс кезеңінде сауықтыру және демалысын ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыру және Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді медициналық тексеру нәтижелері бойынша санаториялық-курорттық емдеуді қарастыру.

4.30. Жұмысберушілердің қаржылық мүмкіндіктері болған жағдайда еңбек Ұжымдық және еңбек шарттарына Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алғандарға жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлеу туралы жағдайларды қосу.

4.31. Өнімдер ө ндірісінің (жұмыстардың) көлемі қысқарған кезде кәсіподақтардың (жұмысшылар өкілдерінің) келісімі бойынша толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуді қоса алғанда, жұмыс орындарын сақтаудың барлық мүмкіндіктерін қарастыру.

4.32. Экономикалық, өндірістік (тоқтап қалу) сипаттағы себептер бойынша жұмыс уақытша тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қорғау шараларын қолдану.

4.33. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құрған кезде, қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, бұрын босатылған жұмыскерлердің қатарынан бос лауазымға орналасуға кандидаттарды қарастыру.

4.34. Жұмыскерлер санының немесе штатының қысқару; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеу; аталған жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін және оны жалғастыруға мүмкіндік бермейтін денсаулық жағдайының салдарынан жұмыскердің атқаратын лауазымына немесе атқаратын жұмысына сәйкес келмеу негіздері бойынша жұмысынан айырылған жағдайда қызметкерлерге кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, жаңа мамандықты игеруге және оқытуға жұмыс берушінің қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға кепілдік берілуін ұжымдық шарттарда қарастыру.


Кәсіподақтар өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

4.35. Халықтың денсаулығын сақтау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің бірлескен жауапкершілігі қағидаттарының негіздерін түсіндіру жөніндегі шараларды өткізу.

4.36. Еңбек заңнамасын және әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша әлеуметтік әріптестермен бірлесіп семинарлар өткізу.

4.37. Ұйымдардың ұжымдық шарттарына қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге салалық келісімде айқындалатын салалық коэффициенттерді есепке ала отырып, лауазымдық айлықақыларына (тарифтік мөлшерлемелеріне) көтерілген қосымша төлемдердің мөлшерін белгілеу туралы міндеттемені енгізу.

4.38. Ұж ымдық шарттарды жасасу кезінде кәсіпорындар мен ұйымдарға үнемі консультациялық және құқықтық көмек көрсету.

4.39. Еңбек, тұрғын үй және зейнетақы заңнамаларын іс жүзінде қолдану мәселелері жөнінде кәсіподақтар мүшелеріне, сондай-ақ қала зейнеткерлеріне және студенттеріне тегін заңгерлік көмек көрсету.

4.40. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылау деңгейін арттыру мақсатында еңбек қауіпсіздігі және екбекті қорғау жөніндегі өнеркәсіптік кеңестердің мүшелеріне, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға консультациялық көмек көрсету. Әдістемелік ұсынымдар, брошюралар мен басқа да материалдарды шығаруды жүзеге асыру.

4.41. Тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік-еңбек дауларына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін кәсіподақ мүшелерінің сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау.

4.42. Ұжымдық шарттарға кәсіподақ органдарының мүшелерін кәсіподақта оқыту, келісу комиссияларының жұмысы, кәсіподақтар шақыратын съездерде (конференцияларда) делегаттар ретінде қатысу уақытында өз мүшелерінің мүддесі үшін қоғамдық міндеттерді орындауға кәсіподақтар органдарының мүшелерін міндетті түрде босату, сонымен қатар олардың осы кезеңдегі орташа жалақысын сақтап қалу талаптарын қосу.

 

V бөлім

Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау,

өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

 

Тараптар:

 

5.1. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз ету.

5.2. Жұмыскерлердің лайықты еңбекке құқығын іске асыру үшін еңбек қызметі процесінде жағымды еңбек жағдайларын жасау.

5.3. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің және еңбектің қорғалуын бақылаудың тиімділігін арттыру.

5.4. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.

5.5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға теріс әсер етуін төмендету бағыттарында бірлесіп күш жұмсау міндетін алды .

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

 

5.6. Еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына мониторингті жүзеге асыруға.

5.7 . Жұмыскерлердің денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға.

5.8. Өндірістік кеңестерге кәсіподақтардың өкілдерін қосуға.

5.9. Қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық ортаны қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуге қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды және бизнес-қауымдастықты тартуға .

5.10. Азық-түлік кәсіпорындары, сауда-саттық және тамақтандыру салалары, медициналық-профилактикалық және балалар мекемелері, сондай-ақ қаладағы сумен жабдықтау жүйесіндегі жұмыскерлердің алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етуге уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

 

5.11. Өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және өзге де мәселелерін келісіп шешу. 5.12. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 5.13. Өндірістегі жұмыс апаттарын арнайы тексеруге қатысу және оларды болдырмау жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу үшін қаладағы салалық Кәсіподақтарды немесе жалдамалы жұмыскерлердің өкілдерін комиссия құрамына қосу.

 

Жұмыс берушілер өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

5.14. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мүгедектерге арнайы жұмыс орындарын құруға қатысу .

5.15. Өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексерілуін жүргізу және олардың нәтижелері бойынша ұсынымдарды уақытылы және толық орындау.

5.16. Еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін енгізуді ұсыну.

5.17. Еңбек ұжымдарымен міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кездесулерді тәжірибеден өткізу.

5.18. Қолданыстағы заңнама шеңберінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапты болу.

 

Кәсіподақтар өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

5.19. Тиісті кәсіптік стандарттарды есепке ала отырып және заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

5.20. Жұмыскерлердің еңбек және санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың адын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қатысу.

5.21. Жұмыс берушімен бірлесіп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ортақ бақылауды және тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

5.22. Қаржыландыруға қатысу арқылы жұмыскерлерді, ең алдымен, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді сауықтыру, атап айтқанда санаторий-профилакторийлерде, санаториялық-курорттық мекемелерде сауықтыру бойынша емдік-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.

5.23. Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау тұрғысында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

5.24. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапты болады.

 

VI бөлім

Әлеуметтік әріптестік

Тараптар:

 

6.1. Әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс тәжірибесіне мониторинг жүргізу.

6.2. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның халықаралық жұмыс тәжірибесін зерделеу және тарату.

6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарында Өңірлік келісім шеңберінде алынған міндеттемелердің орындалу жағдайы туралы ақпаратты жариялау.

6.4. Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды іске асыру.

6.5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу.

6.6. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарының, нақты жалақы деңгейін, халықтың тіршілік ету деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенінің іске асырылуын қамтамасыз ету бағыттарында бірлесіп күш жұмсау міндетін алды .

 

Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:

6.7. Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеумен қамтуды кеңейтуге жәрдемдесуге.

6.8. «Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясын қолдауға.

6.9. Әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу және болдырмау жөніндегі алдын алу шараларын қабылдауға уағдаласты.

 

Әкімдік өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

 

6.10. Әлеуметтік әріптестікті үйлестіру және тиімді әлеуметтік диалогқа ықпал ету.

 

Жұмыс берушілер өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

6.11. Еңбек қатынастарын және кәсіпорындардың өндірістік қызметін реттеу мәселелері жөнінде еңбек ұжымдарымен кездесулерді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

6.12. Еңбек заңнамасы, келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

6.13. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде Еңбек кодексінің нормалары шеңберінде бітістіру рәсімдерін сақтау бойынша шаралар қабылдау.

6.14. Келісу комиссияларының тиімді қызмет етуі үшін ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету.

 

Кәсіподақтар өздеріне мынадай міндеттемелерді алады:

 

6.15. Жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының негізіне оқытуды және түсіндіруді, келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.

6.16. Ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңнама шеңберінде шешу және заңсыз ереуілдерді, жиындарды, наразылық акцияларын өткізуге жол бермеу бойынша шараларды қабылдау.

6.17. Жеке еңбек дауларын шешудің қалыптасқан практикасын зерделеу және оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізу.

 

VII бөлім

Қорытынды ережелер

 

Осы Келісімнің ережелерін Тараптардың орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:

 

7.1. Өңірлік келісім Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады. Сондай-ақ, келісім Алматы қаласының аумағында орналасқан, меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдің қатысуы бар заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға қоданылады.

7.2. Тараптар Келісімді 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу жөніндегі басым бағыттарды және қажетті іс-қимылдарды белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.

7.3. Келісім ұйымдарда және кәсіпорындарда келіссөздерді және ұжымдық шарттарды жасау үшін негіз болады. Тараптар жалдамалы жұмысшыларды және халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарын әлеуметтік қорғау туралы келіссөздер жүргізу үшін қаланың кәсіпорындарында және ұйымдарында Кәсіподақтардың құрылымдық бөлімшелерін құруды жан-жақты қолдайды.

7.4. Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелері және Комиссия ұсынымдары (шешімдері) салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау кезінде ескерілуі тиіс.

7.5. Өңірлік келісімнің орындалу барысын бақылауды Тараптар Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

7.6. Тараптардың біреуінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

7.7. Тараптар Келісімде көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапты болады.

7.8. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Келісімнің орындалу барысын Комиссия жарты жылда бір рет қарайды.

7.9. Өңірлік үшжақты комиссияның қызметі мен Келісімнің іске асырылу барысын жариялау мақсатында Тараптар бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және Алматы қаласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелеріне арналған материалдарды тұрақты түрде жариялауды қамтамасыз етеді. 7.10. Аталған Өңірлік келісімді Тараптар ұжымдық шарттарды жасасу кезінде қаланың аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдарда келіссөздер жүргізудің негізі ретінде қарастырады, осы ретте оған кіретін міндеттемелер мен кепілдіктер ең аз болып табылады және жалдамалы жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық қорғалуының нашарлауына байланысты өзгеруі мүмкін емес. 7.11. Келісімнің қолданылу кезеңінде ол іс жүзінде ретімен орындалған жағдайда Кәсіподақтар наразылық акцияларын өткізбеуге міндеттенеді, ал Әкімдік пен Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамтуды арттыру және онда қарастырылған жалдамалы жұмыскерлердің құқықтық кепілдіктерін сақтау жөніндегі кешенді шараларды іске асыру үшін қажетті барлық шараларды жасайды. 7.12. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның шешімдері Алматы қаласы әкімдігінің, Жұмыс берушілер мен Кәсіподақтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. 7.13. Тараптардың әрқайсысы Келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай мерзімде өзіне қабылдаған міндеттемелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және нақты мерзімі мен орындалуына жауапты адамдарды көрсете отырып Үйлестірушіге ұсынады. 7.14. Осы Келiсiмнің орындалуын бақылауды әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi үшжақты комиссия жүзеге асырады, оның отырыстары өткізу орнын таңдау құқығына ие Келiсiм Тараптарының бiреуінің басшысының төрағалығымен кем дегенде жарты жылда бiр рет өткізіледі.

2018 жылғы «27» наурыз Алматы қаласында төрт түпнұсқа данада мемлекеттік және орыс тілдерінде қол қойылды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында осы төртжақты Келісімнің бір-бір данасы болады.

ӨҢІРЛІК КЕЛІСІМ.pdf

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56