|
|||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||
Әкімнiң орынбасары
Қоғамдық даму, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық денсаулық, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерді үйлестіреді. Ұлтаралық қатынастар, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат, білім, мәдениет, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық денсаулық, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен келісілген түрде қызмет етуді және өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. Мыналардың қызметіне басшылық етеді: 1. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы; 2. Алматы қаласы Білім басқармасы; 3. Алматы қаласы Спорт басқармасы; 4. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы; 5. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы. Мыналардың қызметіне жетекшілік етеді: 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; 2. «Алматы ақшамы» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 3. «Газета «Вечерний Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 4. «Оңтүстік астана» телерадиокомпаниясы» акционерлік қоғамы; 5. «Өңірлік коммуникация қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 6. Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 7. «Алматы қаласы спорттық құрылыстар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 8. «Мемлекеттік қуыршақ театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 9. «Қазақ мемлекеттік циркі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 10. «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 11. «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 12. «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 13. «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 14. «Орталық мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 15. «Алатау» дәстүрлі өнер театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 16. «Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мыналардың жұмысын ұйымдастырады: 1. Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия; 2. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы; 3. Балаларға «Үміт» үйіне жолдама беру жөніндегі комиссия; 4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша (әлеуметтік-мәдени сала) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссия; 5. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия; 6. Алматы қаласының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі комиссиясы; 7. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес; 8. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы; 9. Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссия; 10. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес; 11. Алматы қаласы ономастика комиссиясы; 12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия; 13. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау саласындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес; 14. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі; 15. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі штаб; 16. Ана, бала өлімін және қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді азайту жөніндегі қалалық штаб. |
|||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||
|